Бейнеролик. «Мен-қазақ: қазақпын деп мақтанамын» атты С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіледі.
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады. «Ойталқы пирамидасы» әдісі Тапсырма. Пирамидада көрсетілген сұрақтарды негізге ала отырып, өлеңнің идеясы арқылы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдаңдар. Әр топ өзара пікір алысыңдар.
Қалыптастырушы бағалау. Оқушы бағалауы: «Мадақтау сэндвичі» арқылы жүргізіледі.
Келіспейтін тұсы
Сыни пікір
Келісетін тұсы
Мұғалім бағалауы: «1+, 1-» әдісі арқылы жүргізіледі.
Айтылған пікірлердің бір жетістік тұсы мен бір кемшілігі айтылады.
«Автор оқушы көзімен...» әдісі Тапсырма. Өлең ішінен мына сезімдерді бейнелейтін жолдарды жаз. Сол жолдарға сүйене отырып, тірек сөздердің лайықтысын таңдап автор бейнесін анықтаңдар.