Сабақтың ортасы
4– 7 мин
7– 10 мин
10– 20 мин
20– 22 мин
22– 27 мин
27– 37 мин
|
Жеке жұмыс
Бағалау критерийі:
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: білу, түсіну.
Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Допты лақтыру»
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса , допты басқа оқушыға береді.
1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.
2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.
3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?
Жауабы: үшінші
4.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалы мәндерінің реттелген жұптарының жиыны.
5. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі деп координаталары осы теңдеудің шешімдері болатын нүктелер жиыны аталады.
6. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі (шешімі) Жауабы: қисық сызық
ҚБ: Смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау (өте жақсы, жақсы, орташа)
Достарыңызбен бөлісу: |