(МК) .Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу
(сөйлесу Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу.
Үй тапсырмасын тексеру:–Үйге қандай тапсырам берілді?-Үйге берілген
тапсырманы кім оқып , талдап береді?
Білімдерін жан-жақты тексеру.
Ұяшықтар таңдау бойынша оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топқа ұпай жинайды және өзін бағалайды.
1-ұпай. y = x3 теңдеуі неге екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу болып табылады?
1-ұпай. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің бір ғана шешімі бола ма?
1-ұпай. ax = b формуласы қандай теңдеу?
2-ұпай. Бірдей түбірлері болатын теңдеуді ........ деп атайды.
2-ұпай. Егер теңдеудің айнымалыларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ге тең болса, бұл қандай теңдеу болады?
2-ұпай. Егер теңдеудің айнымалыларының дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, бұл қандай теңдеу болады?
3-ұпай. Екі айнымалы бар теңдеулер жүйесін шешу кезінде екі немесе одан да көп тәсілдерді тізбектей қолдануға бола ма?
|