Сабақ. Электрондық кестені есептеулерге қолдану


Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері



бет3/3
Дата19.01.2023
өлшемі350,62 Kb.
#61970
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
жалгасы

Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері

Сандық типті берілгендер енгізілген кестенің бағандық (не жолдық) берілгендерін диаграмма не график түрінде көрсетуге болады. Ол берілгендердің көрнекілігін арттырып, сандық мәндерді салыстыруды жеңілдететіні сөзсіз. Диаграмма жұмыс парағына жеке обьект ретінде енгізіледі; онымен, Word’тағы сияқты, жылжыту және масштабтау әрекеттерін орындау мүмкін.


Excel’де диаграмма салу ретімен ашылатын төрт сұхбаттық терезесі бар Диаграмма шебері программасы арқылы орындалады. Орындалуы тиіс әрекеттер:

  1. Диаграмма құрылатын баған блогын таңдау (блок ішінде өріс атауын таңдаған да жөн. Бұл кезде ол құрылған диаграмманың жоғарғы жағына атау (тақырып) ретінде жазылып қойылады).

  2. Аспаптар панелінің «диаграмма шебері» түймесін шерту не Кірістіру –Диаграмма командасын беру. Бірінші қадам сұхбаттық терезесі көрінеді (10.24-сурет)


10.24-сурет. Диаграмма шеберінің 1-сұхбаттық терезесі

10.25-сурет. Диаграмма шеберінің соңғы терезесі



  1. Терезеден диаграмма типі (мысалы, Гисограмма) мен көрінісін таңдау. ( Терезеге 14 тип енгізілген. Тип атаулары: Гистограмма, Айналма, Сақиналы, Грфик және т.б. Оның бірін таңдаған кезде «Көрініс» бөлімінде тип құрамындағы диаграмма түрлері көрсетіліп қойылады.)

  2. Терезенің «Одан әрі» түймесін шертіп, екінші терезені ашу. Терезелерде «Кейін», «Одан әрі», түймелерінің бірін шертіп, алдыңғы келесі терезелерге өтуге болады. «Дайын» түймесін шертілген кезде Диаграмма шебері терезесі жабылып, обьект жұмыс парағына кірістіріледі). Терезенің жоғарғы жағында диаграмма тақырыбы және таңдалған блок атауы көрсетіліп қойылған. Олардан төменгі қатарларда таңдалған блоктың бағандық не жолдық екенін білдіретін ауыстырып қосқыш белгілерінң бірі орнатылған. Онымен келіскен жағдайда бірден «Одан әрі» түймесін шертуге болады.

  3. Үшінші терезеде, қажет болса, диаграмма параметрлерін орнату. (Терезенің параметрлерді өзгертуге арналған алты қондырма беттері бар: Тақырыптар, Осьтер, т.б.)

  4. Төртінші сұхбаттық терезеде диаграмманы дайындалған бетке кірістіру ауыстырып қосқышы орнатулы тұрады (10.25-сурет.) Онымен келіспеген жағдайда «Бөлек бетке» өрісіне диаграмма енгізілетін парақ атауын енгізу.

  5. Терезенің «Дайын» түймесін шерту. Диаграмма терезеге енгізілген параққа кірістіліліп қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет