Зертханалық сабақтың мақсаты: Windows –та файлдарды дефрагментациялауды түсіндіру. Дискіні форматтауды көрсету. Архивтеуші WinZip программасын түсіндіру. Архивтеуші программаларды қолдану арқылы файлдарды, бумаларды архивтеуді және оларды ашуды көрсету.
Қажетті құрал жабдықтар мен бағдарламалық қамтама:Дербес компьютер, интерактивті тақта, МS DOS операциялық жүйесі.
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нүсқаулар Windows-та файлдарды сақтау кезінде кейде берілгендер жад блоктарына (кластерлерге) ретімен жазылмайды да, шахмат тақтасы сияқты көп орындар ретсіз бос қалып кетеді. Оларды реттеуге арналған арнайы утилита (қызметші программа) бар – Дефрагментация диска (Disk Defragmenter). Ол программа мен файлдарды дискіде ретімен бөлек-бөлек орналастырып қояды. Мұндай жұмыс Windows-тың түрлі үзінділерді дискінің әр жерінен іздеуді болдырмайды да, компьютердің құжатпен жұмыс істеу жылдамдығын арттырады.
Утилитаны іске қосу үшін берілетін команда:
Программы – Стандартные – Служебные программы – Дефрагментация диска Дискіні таңдау терезесі көрінеді. Мысалы, С: дискісін таңдап, ОК түймесін шертсе болғаны. Дискіні реттеу үшін ондаған минут уақыт кетеді.
Ескерту. Windows-тың қызметші программалар қатарында дискіні дефрагментациялаудан басқа программалар да бар (не бастапқы кезде олардың көпшілігін енгізіп, компьютерлерді жинауға болады):
1. Дискіні форматтау (Дискіні дискіжетекке енгізіп, қызметші программалар қатарынан осы пунктті таңдауға не Мой компьютер бумасын ашып, көрінген С: белгішесінің жанама мәзірін пайдалануға болады).
2. Дискіні тексеру (ScanDisk). 3. Архивті ашу (Архивтеу және архивті ашудың бір программасы).
WinZip-пен жұмыс жасау тәсілі: 1. Іске қосу – Программалар – WinZip командасын беру.
2. Терезеден File – New Archive (Файл – Архив құру) командасын беру не терезенің New терезесін шерту. Ашылған терезеден архивтелетін файлды таңдау. Терезенің файл атауы өрісіне осы файл атауы енгізіліп қойылады. Файл типі өрісінде Zip files типі көрініп тұруы тиіс, керісінше жағдайда оны орнатып қою керек.
3. Терезенің Add dialog (Архивке қосу терезесін ашу) жалаушасын орнатып, ОК түймесін шерту. Add (Архивке қосу) терезесі ашылады.
4. Терезенің Action (Әрекет) өрісінде көрінетін тізімнен Add (and replace) files (Қосу және файлдарды алмастыру), Compression (Қысу дәрежесі) тізімінен Normal (Әдеттегідей) пунктін таңдау.
5. Басқару элементтерінің Folder Include Sub folders Include system and hidden files (Жүйелік және жасырын файлдарды қосу) жалаушасының орнатулы тұрғанын тексеру.
6. Архивтелетін файлды не файлдар тобын таңдау не таңдаулы тұрғанын анықтау (файлдар тобын таңдау қажет болса, тышқан көрсеткіші мен Shift+Ctrl пернелерін қосып басу керек).
7. Add (архивке қосу) түймесін шерту. Сұрақ шығатын терезе көрінеді. Оның Иә түймесін шерту. Құрылған архив WinZip терезесінде көрінеді (оның қатарына файл көлемі мен архив көлемі де жазылып қойылады).
8. WinZip программасын жабу.
Бақылау сұрақтары: 1. Кез келген 3 файлды жаңа бумаға көшіріп, сол құрылған буманы архивтеу қалай жүргізіледі.
2. Кез келген буманы архивтен ашуды көрсету.
3. Архивтелген және архивтен ашылған бумалардың көлемдерін салыстыру және түсіндіру.
Тапсырмалар: 1. Логикалық С: дискісін дефрагментациялау.