І. Қазақ тілінің жасалым негізі (акустика-артикуляциялық базасы)
Жауабы: Фонетиканың зерттейтін дыбыстары – адамның дыбыстаушы мүшелері арқылы жасалса, бір-бірінен сапалық жағынан ажыратылатын, сөз құрауға әсері бар тілі дыбыстары фонетиканың міндетіне дыбыстың жасалу, екпін, интенрция т.б. жақтарын акустико-физиологиялық немесе акустико-артикуляциялық тұрғыдан қарастыру жүктелген.
Тіл дыбыстарының мәні лексикалық мағыналы сөз құрап, ойды жеткізуге, түсінуге қызмет ететіндігінде деп білген жөн. Дыбыс қоры артикуляциялық акустикалық және фонологиялық тұрғыдан зерттеледі. Акустика – естілу, физиканың дыбысты зерттейтін бөлімі, дыбыстардың естілуі. Артикуляция – тіл дыбыстарын аутудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі. Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің қимылы мен бағыты.
Сөйлеу дыбюыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.
1.Консонантизмдер, классификациясы
Жауабы: Тілімізде дауыстыларға қарағанда дайыссыз фонемалар әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны – 25, енді біреулерлде 26 болып келеді. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш, у, һ, ф, ц, ч, қ, ң. Қазақ тілінде 26 дауыссыз бар деушілер осы щ дыбыс емес, әріп. Ол – созылыңқы (немес қос) ш дыбысының таңбасы.
2.Консонантизмдердің жасалу қоры
Жауабы: Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді:
1. Ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, ф, в, м, у.
2. Тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, н, л, р, й.
3. Көмей (фарингаль) фонемасы: һ.
1. Ерін фонемалары өз ішінен екіге бөлінеді:
а. еріндік: п, б, м, у.
ә. ерін мен тіс: ф, в.
2. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:
а. Тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р.
ә. Тіл ортасы: й.
б. Тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.
Достарыңызбен бөлісу: |