Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


ХХ ғ. соңғы ширегіндегі зерттелімдер



бет7/15
Дата02.03.2023
өлшемі73,67 Kb.
#71325
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Ñàáà? ². ?ëåì ò³ëäåð³í³? æ³êòåë³ì³ (êëàññèôèêàöèÿñû)

4.ХХ ғ. соңғы ширегіндегі зерттелімдер
Жауап: Үндеспе-зерттелім кезеңі
Нұргелді Мақажанұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген соң осы институтта кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
Қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған. Олардың негіздері: «Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988); «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993); «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007) «Фразеология және тілдік норма» (1997); «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар); «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар); Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007) т.б.
Н.Уәлиев – жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006) атты оқулықтың авторы.
Әлімхан Жүнісбек – ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1964 – 67 жылдары А.А.Жданов атындағы Ленинград университетінің фонетика лабораториясында дайындықтан өткен. 1964 жылдан Қазақстан ҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, қазіргі кезде бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қазақ тілі кафедрасының профессоры. «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар» деген тақырыпта канд. (1969), ал «Түрік тілдеріндегі сөз просодиясы және қазақ тіліндегі сингармонизм» деген тақырыпта докторлық диссертация (1987) қорғады. Қазақ тіліндегі «Үндесім заңы», «Байтұрсынов қисыны» («Эффект Байтурсынова») атты теориялық қағидалар ұсынған, солардың нәтижесінде сингармонизм фонологиясынан туындайтын жаңа түркі жазуының емлесі мен графикасын (әліпбиін) ұсынды. Академ. жинақтың «Қазақ тілі грамматикасының» (2001) қазақ тілі дыбыстарына арналған бөлімін жазған, «Орфоэпиялық сөздікті» құрастырушылар ұжымының жетекшісі. Бірнеше ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындаған. Орыс мектептерінің 1-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқулығын дайындаған авторлардың әдістемелік құралдарын жасаған. Қазақ тілін оқытудың компьютерлік бағдарламасы мен ойын-құралдарын жасады. Қолқанат қондырғыларды (оргтехника) қазақша сөйлету проблемаларымен айналысып жүр.
Сейілбек Исаев филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ресейде туған. Омбы педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Сонымен қатар ол 1966 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» мен 1967 жылы шыққан екі томдық «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» авторларының бірі. Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған.

3 практикалық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет