Сабақ және оның құрылымы


Білімді тексеру сабағының құрылымы



бет2/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Білімді тексеру сабағының құрылымы:
• сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру. Бұл кезде мұғалім сабырлылық, іскерлік танытып, оқушылар бақылау жұмысынан қорықпайтындай жағдай жасау керек, себебі мұғалім оқушылардың оқу материалын одан әрі меңгеруіне қажет дайындықтарын тексереді;
• сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады. Олардан керекті ережелерді еске түсіріп, өз жұмыстарында қолдануларын сұрайды;
• бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады. Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру.
• сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады;
• білім, білікті меңгеру кезінде оқушылардың жиі қателесетін жерлері анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді.
2-түрі:
• ұйымдастыру бөлімі;
• бақылау жұмысының мақсатын түсіндіру;
• бақылау жұмысының мазмұнын айтып, оны қалай орындауға болатындығын түсіндіру;
• бақылау жұмысын оқушылардың өз беттерімен орындауы;
• сабақты қорытындылау.
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке оқытудың принциптері мен әдістері.
Әдіс - деген сөз гректің «metodos» сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс – басты қойылған мақсат пен түпкі нәтижені сабақтастыратын процесінің негізі. Әдісті көбіне білім беру міндетін шешу, қойылған мақсатқа жету жолындағы шаралар жиынтығы ретінде де қарастырады.
Еңбекке және кәсіпке баулу үшін оқыту мен беруші қызметінің тәсілдері бойынша әдістерді жіктеу едеуір шешілді. Еңбекке және кәсіпке баулуда өз ара байланыс екі жақсы процесс оқытудың өз бетінше практикалық қызметі мен оқытудың басқару қызметі орын алады. Сондықтан еңбекке баулу әдістерін өз ара тығыз екі топқа бөлуге болады.
1. Оқытудың басшылығын оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері
2. Оқыту әдістері.
Еңбекке және кәсіпке баулуда төмендегідей оқу әдістері кеңінен тараған.
1. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)
2. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)
3. Оқу өндірістік жұмыстар.
4. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)
5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)
6. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет