Сабақ жоспары ( жас)



Дата09.05.2022
өлшемі15,18 Kb.
#33208
түріСабақ
Байланысты:
ЖСТД І деңгейдегі балаларға арналған сабақ жоспары


ЖСТД І деңгейдегі балаларға арналған сабақ жоспары

( 3 – 7 жас)

(Мырзағалиев Ертарғын, Орынбасар Нұрсұлтан, Абидуллаев Нұрбол, Жәнібекұлы Нұрислам, Қуанышбек Санжар, Әбдімәлік Архимед, Байниязова Асылзат)

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Отбасы.

Мақсаты: балалардың отбасы туралы білімдерін жүйелеу және анықтау. Отбасындағы рольдік қатынастармен таныстыру, отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру,сөйлемдер кұрастыруға жаттықтыру.

Түзете-дамытушылық міндеттері:

1. Артикуляциялық жаттығуларды меңгерту. Тыныс алуын дамыту.

2. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

3. Ойлау қабілетін арттыру.

Көрнекілік: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, отбасы суреті.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру бөлімі.

Баламен амандасу. Сабаққа психологиялық дайындық.

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта

Ойнайық та күлейік.

Негізгі бөлім.

1. Артикуляциялық жаттығулар орындау.

« Сағат»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жымиып,тілді жіңішкелеп шығарып, оңға-солға қозғау, 10-15 рет орындау.

«Алтыбақан»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: тілді жіңішкертіп,кезекпен мұрынға , иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстап тұру керек. Бұл қалыпта тілді оңға дейін санап тілді қозғалту қажет.

2. Тыныс алу жаттығуларын орындау.

« Көбелекті гүлден ұшырамыз», « Мақта үрлеу».

3. Мимикалық жаттығулар.

- Көңілді көңіл күй;

- Қуану;

- Ренжу;


- Қабақты түю;

- Таң қалу.

4. Босаңсыту жаттығулары

А) Орнымыздан тұрып, қолдарымызды жоғары көтереміз және түсіреміз

Б) Тіземізді бүгіп бір отырып, бір тұрамыз.

Сабақ барысы:

Сурет ілінеді.

Бүгін кімдер туралы әңгімелесеміз? (Отбасы туралы)

Суреттен кімді көріп тұрсыздар?(Әке, шеше, әже, ата, бала, қыз)

Олардың бәрін бip сөзбен қалай айтамыз?

Бұл отбасында неше адам бар?

Өзінің отбасы туралы айтып беру.

5. « Менің Отбасым» сюжетті суретпен жұмыс.

6. Үй тапсырмасы

- Сөйлеген кезде асықпай, сөздерді буынға бөліп сөйлеуге машықтандыру.

- Босаңсыту және артикуляциялық жаттығуларды орындау.



7. Сабақ қорытындысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет