Негізгі бөлім
2.1. Символикалық интеракционизм теориясы....................................................5
2.2. Символикалық интекакционизмнің негізін қалаған натурализмнің көрнекті өкілдері......................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................15
Кіріспе Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығыи парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциядар деп карауға болады. Әр парадигма өзіндік талғампаздық симатымен ерекшеленеді. Олардың коғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара коғамға толық синаттама бере алмайды. Бірақ олардың әркайсы сының қоғамды тануда білгілі бір косатын үлесі бар.
Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа бөлуге болады:
1) құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар;
2) интерпретатипті немесе микросоциологиялық парадигмалар. Бірінші топтағы, (кұрылымдық) парадигмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру, қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады. Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс-әрекет ретінде адамның мінез-құлқына баса көңіл бөледі.
Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын болсақ., олар төмендегідей:
1)функционалдық (қызметтік) парадигмалар;
2)конфликтік (конфликтологиялык) парадигмалар.
Конфликтологиялық парадигманын өзі үш тармаққа бөлінеді:
а) марксистік,
б) неомарксистік,
в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Екінші топтағы интерпретативті парадигмаларға жататындар:
1) әлеуметтік әрекетті қарастыратын парадигмалар;
2) символикалык интеракционизм;
3) феноменологиялык парадигма;
4) этнометодологиялык парадигмалар.
Осылардың ішінде символикалық интеракционизне тоқталатын болсақ, ол теориялық тұрғысы өткен ғасырдың 20 - 30-жылдары Чикаго мектебінің өкілдері тарапынан этнонәсілдік проблемаларды зерттеу үшін қолданылды (Р.Парк, Л.Вирт және басқалар). Этникалылықты осы парадигма шеңберіндегі қазіргі заманғы зерттеулерге, этникалық қатынастарды индивидтердің өзара “ұжымдық анықтау” процесіндегі әлеуметтік байланыс ретінде түсіну тән.