Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары 8-сынып сабақ жоспары
Бөлім: IV
Адамзаттың рухани тәжірибесі
Мұғалімнің Аты-жөні, тегі
Смаилова Гуля Касановна
Мерізімі:
Класс: 8
Оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар:
Сабақтың тақырыбы
№28 «Қалаулар шегі»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
Адам мінезінің жағымды және жағымсыз сипаттарын, оның іс-әрекетін және ниетін ажырата алады
Құндылық
Қиянат жасамау
Қасиеттер
Қанағатшылық, жақсылық, сабырлық.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға «қалаулар шегі» туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Сабақтың міндеттері
- оқушыларға адам қалауларының шегі туралы түсінік беру;
-оқушыларды қалау-тілектерді басқара білуге үйрету;
-оқушыларды қанағатшылыққа, жақсылыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері / Уақыт
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)
1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. Мұғалім «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізеді.
Оқушылар сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылар нұрға бөленіп, жағымды күйге келіп, терең ойлауға икемделеді.
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, https://www.youtube.com/watch?v=JZZ3y30leU
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру(әңгімелеу) (3-5 мин)
116-беттегі Өтебай Тұрманжанов «Аққуды атпас болар» әңгімесі Сұрақтар: 1. Аңшы баласына қандай өсет үйретті? 2. Қоршаған табиғатқа ұқыптылықпен қараудың мәні неде? 3. Адамның өз қалау-тілектерін басқара алуының маңызы қандай? 4. Өздерің қалау-тілектерінің шегін қаншалықты анықтай аласыңдар?
Оқушылар мұғалім сұрағын тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, адам өмірінде айналаны қорғау, қалау-тілектерінің шегін қаншалықты екенің туралы терең ойланады.
Жоба бойынша балаларды тыңдау
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)(3-4 мин)
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына. Мұзафар Әлімбаев
Сұрақтар: 1. Адамды қандай қасиеттер қиянат жасамауға жетелейді? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Оқушылар Мұзафар Әлімбаев
нақыл сөзінің мағынасын талқылайды, дәптерге жазады.
Презентация, Жұмыс дәптерлері.
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (4-8 мин)
Мұғалім Қызғаныштың кесірі Г. Әзімбаева Назымға анасы секіретін жіп алып берген еді. Ол күні бойы аулада жіпті айналдырады. Біресе бір аяқпен, біресе екі аяқпен секірген ол өзін цирктің әртісіндей сезінді.
Жанына көрші тұратын досы Шынар келіп, біраз қызықтап қарап тұрдыда:
Екеуміз кезек-кезек секірейік. Жібіңді маған де бере тұр, - деді.
Бұл менің жібім, өзіңдікін әкел де, секіре бер, - деді Назым тыржиып.
Досына ренжіген Шынар әрірек барып, орындықта біраз отырды.
Назым жалғыз өзі секіре-секіре әбден шаршады. Біраз уақыттан кейін жібін жинап алды да, қабағын түйіп үйіне келді.
Бағанадан бері ашық терезеден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:
Қызым, саған не болды? – деді апасы.
Білмеймін ... Көңілсізбін, - деді Назым.
Шынар екеуің бірігіп ойнағанда көңілсіз болмайтын еді, - деді апасы жай ғана.
Бұл сөзден кейін Назым есік алдына жүгіріп шықты. Бірақ маңайда досы Шынар көрінбеді.
Назымның әрекеттерін немен түсіндіруге болады?
Апасының сөздері Назымға нені ұқтырды?
Қызғаныштың кесірі адамдарды неге апарып соқтырады? Қалайша?
Қандай құндылықтар мен әрекеттер арқылы қызғаныштан құтылуға болады?
Оқиғадан өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды: Өмірде ешкімге және ешнәрсеге қиянат жасамау керек екенің түсінеді.