Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері


Қысқаша теориялық мәлімет



бет16/32
Дата16.12.2023
өлшемі243,07 Kb.
#139865
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
Лекция 1 Тақырыбы Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жо-emirsaba.org

Қысқаша теориялық мәлімет.
Менеджмент-кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (менеджменттің бөлігі) тралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысы оңтайландыру тәсілдері (технологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды басты нәрсе кез-келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура мағынада «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны АҚШ-та корпаративтік бизнес пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдық үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесстерді білдіреді.
Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс-тәжірибесі.
Менеджмент-нарықтық экономикалық қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.
Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзіне тұжырымдамасында пайда болып рәсімделеді.Әміршілдік-әкімшілдік, технократикалық, жоспарлы-директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтымал.
Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотива) құндылықтары, нұсқамалары (установка) басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәні мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
- Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте-тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
- Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
- Ұйымдастыру ісіне менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
- Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері-тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность) сенімділік. Бұл сапарлар басқару өнерін танытуда маңызды рол ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес. Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады.
- Еңбек өнімділігін арттыру;
- Бәсекеге жарамдылық;
- Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);
- Іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу;
Басқару процесі кез-келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану өнері болып табылады. Менеджментте бастысы-ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарда (ұзақ мерзімі, алдағы кезеңдік және ағымдық) белгілейді.
Екі стилді ұстанатын кәсіпорын басшыларынан менеджердің басты, яғни принциптік айырмашылығы, міне осында.
Жеке кәсіпорын мен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады.
- техника мен технологияның деңгейі;
- жұмысшы күшінің сапасы және еңбек уәжділерін (мотивацие) кеңінен пайдалануы;
- өндірісті ұйымдастыру және басқару (менеджмент).
Менеджменттің жағдайы мен техника мен технологиялық деңгйіне, жұмысшы күшінің сапасы әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Аса көрнекті экономис Альфред Маршалл (1842-1924 жж) басқаруды үш дәстүрлі капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке фактор ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек.
Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түріне бөлді.
Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені белсенді басқару ғылымының пайда болуына әкеп соқты. (басқару тәжірибесін жүйелеуге талпыныс Англяда ХІХ ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы ағылшындық кәсіпкер Ч.Бебиджаның «экономика машин и производства» (1832 ж) атты кітабы болды).
Бұл анықтамадан бөлек басқарудың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатынас жасаудың тәсілі ретінде билік жәзне басқару өнері ретінде ептілік және әкімшілік машық (административные навыки) және т.б. ретінде қарастылрады.
Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқы танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді Осы заманғы басқару ғылымы-пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады; индустриялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеументтік инженерия (экономика) және т.б. шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетиг теориясын біріктіреді.
Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары-математикатермен антропологтарға дейін айналысады.
Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент-ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Басылымдықтар нақты жағдайлармен басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатымен анықталады.
Фирма жұмыстың ішкі және сыртқы мәселелеріне менеджердің жиі көңіл бөлуіне тура келеді Бұл мәселелердің күрделі мазмұнына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтымал.
Ішкі менеджментті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі басқар міндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарына сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қылдыруға болады.
Ұйымдастыру менеджменті; 1) тар мағынасында –басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі-ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің амалдарының және процедураларының жиынтығы, 2) менеджменттің бір бағыты (мектебі, ілімі) жалпы ұйымдастырудың принциптері мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы. Бұл менеджмент мыналарды қамтиды; ұйымдық құрылымды, жобалау әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру міндеттерін бөлу.
Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файаль (1841-1925 ж.ж) Ол ұйымдық менеджменттің негізін қалаушы деп саналады. Нақ сол Файоль басқаруды айрықша қызмет түрінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі Әмбебап (универсаль) деп санаған (еңбек бөлісі, билік, дисципоина, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп, қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 принципін әзірлеу.
Ұйымдық менеджмент-ұйымдық-өкілдік әдістерімен яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.
Тәжірибе менеджменті-менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған.
Басқару ісімен байланысты обьективті құбылыстарды түсіндіріп беретін принциптер де жоқ емес.
Тәжірибе сипатында болатын менеджмент бар. Ол басқарудың іс-тәжірибесінде пайдалануға болатын идеяны, ережені және принципті қамтиды
Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар. Біреуі-прагматикалық, екіншісі – ғылыми
Біріншісі-мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған болса, екіншісі сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістер мен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген
Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмақ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.
Бұл менеджмент әр түрлі қызмет салаларында-өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасын жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдылықтарын (артықшылықтарын), тәсілдері белгілеуде ерекшеліктермен айрықшаланады. Бірақ басқару саласында емес.
Өндірістік менеджмент-менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджментпен бір айырмашылығы басқару обьектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.
Өндіріс-бұл қандай да бір өнімді немесе қызмет көрсетуді әрқашан дайындап отырады. Өндірісті басқару адам қызмет басқару болып табылады. Өндірістік басқаруды басқа да элементтер қамтиды (МТС, ресурстар, өнімді өткізу технологиялық процестер)
Өндірістің менеджменттің ерекшеліктері басқару жүйесінің құрылымы мен міндетті істерін, басқару тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білімді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты санға ие қызметкерлерді қажет етеді.
Басқарушы қызметкер белгілі бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерегкшеліктерін білуі керек.
Стратегиялық менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі болжағыштың, келешектігі, стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.
Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететігі құрылымды әрі белсенді психикалык эрекет. Бүл кұрделілік пең бел-сенділік келесі жэйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жэй тітіркенуінің нэтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекетгері де қосылады (мәңді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртін көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей қайталау). Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті деп қарастырган жөн.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған зат тың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардын өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекет
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкіи Бейнелер арқасывда адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақгы болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибе сін түрлендіруші жэне өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиял дың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста бір шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді.
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке-жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл-қозғалыстар негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз қарашығының тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкіру т.б. құсаған рефлексті әрекеттер ыстықтан қолды тартып алу, шу шыққан тарапқа бас бұру т.б сияқты қозғалыстар да осы топтан.
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандайда бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап- қуантса, екіншісі - қапаландырып, жек көрушілік тудырады. Сезім түрі санаулан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адаммың белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т.с. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, куаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену - мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құпылыстарымнп қатынас жасауынан туындаған әр қилы формада көрініс беретін толғаныс күйзелістері.
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатытнасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелікгерінің жиынтығы. Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиетгері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекетгері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет