Байланысты: Лекция 1 Тақырыбы Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жо-emirsaba.org
Психологиялық мекемелермен психологтарды басқару ерекшеліктері.
Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдардың психологиялық тәсілдері адамдар арасындагы қарым-қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау арқылы реттеуге бағытталған.
Адам еңбегі әрқашан адам психиканының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Сондықтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмет қорытындыларына да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың іс-қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар
- адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;
- әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп шамадағы көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;
- әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын инстанция не айтса, соны істейді.
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:
- шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;
- еңбекті ізгілендіру (гуманизациялау, ниетті ояту);
- психологиялық себепкерлік (мотивация);
- кәсіби іріктеу мен оқыту.
Шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау әдістері шағын топтардағы еңбеккерлер арасындағы оңтайлы сандық және сапалық арақатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы зерттеулер көмегімен топ ішінде пайда болған бір-бірін ұнату мен жек көру сезімдерін, оның әрбір мүшесінің орнын топтағы қызметкерлермен психологиялық үйлесуі негізінде анықтауға болады.
Еңбекті ізгілендіру (гуманизация) әдістеріне мыналар жатады: түрлі түс пен музыканың психологиялық әсер етуін қолдану, еңбектің бір сарындылығын болдырмау, шығармашылық үдерістерді (процесс) кеңейту және т.б.
Еңбеккерлердің психологиялық ынтасын ояту үлкен мәнге ие болуда. Психологиялық ынтаны ояту моральдық ынталандыруда еңбеккерлерді еңбекке тартуға бағытталуымен айрықшаланады. Кәсіпорында еңбеккерлерге (кәсіби мүдделер, еңбектің шығармашылық мәні) себептеме болатын жағдайлар жасау мен еңбек әдістерін қалыптастыру жолмен қамтамасыз етіледі. Олар еңбеккердің енбек етуге деген ішкі құштарлығына әкеледі.
Кәсіптік іріктеу мен оқыту әдістері қажетті психологиялық сипаттамаларды дамытуға: орындалатын жұмысқа неғұрлым көп деңгейде сәйкес келетін психологиялық қасиеттері бар адамдарды іріктеуге бағытталған.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдану тетігі қоғамның, ұжымның және жеке тұлғалардың мүдделерін ескеру мүмкіндігі басқару процесінде қамтамасыз етілетіндей болып құрылуға тиісті.
Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау.