Байланысты: Лекция 1 Тақырыбы Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жо-emirsaba.org
Психологиялық менеджмент әдістемелік жұмысты ұйымдастыру Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрылымының тиімділігі былайша анықталады - өндірістік ұйым қызметінің тиімділігі басқару жүйесінің іс-әрекет жасау тиімділігіне, ұйымдық құрылымның сапасына байланысты болады.
Басқару жүйесінің тиімділік критерийлерінің (өлшемдерінің) кешенді жиыны оның іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады.
1) өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша.
2) жүйенің іс-әрекет жасау процесінің өз мазмұнына қоятын объективті талабының, ұйымдастыру ісінің нәтижеге сәйкес келу деңгейі бойынша.
Ұйымдық құрылымының әр түрлі нұсқаларын салыстыруда қолданылатын тиімділік өлшемше өзінің іс-әрекетінде салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі жатады.
Басқару процесінің тиімділігі бағалауда сандық және сапалык тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- бейімділігі;
- икемділгі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушіліп басқару аппаратында істейтін бір қызметкерлерге шаққанда (келетін) ұйым өндіретін түпкілікті өнім санымен анықталады.
Басқару аппаратының үнемшілдігі - объектімен немесе өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты іс әрекетінің салыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын ұстап тұру үшін қажетті шығынның үлес салмағы, басқарушы қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).
Басқару жүйесінің бейімділігі өзгермелі жағдайлардың белгілі бір диапазонында тапсырылған функцияны тиімді орындау қабілетіне қарай анықталады. Бұл диапазон салыстырмалы түрде неғұрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейшді бола түседі.
Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты органдарының шешімін қабылдау процесінде пайда болған ахуалға сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәсекелестік күрес, болжауға келмейтін белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік танытатын шағын және орташа кәсіпорындарға тән.