Байланысты: Лекция 1 Тақырыбы Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жо-emirsaba.org
Психологиялық менеджменттің қызметтері Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық уақытта да экономиканы басқаратын жүйенің көкейтесті міндеті болып келді.
Жүйелі тәсілдеме сандардың нормативтерін және басқарудың міндетті істерін ғылыми негізде анықтау шартын тудырады. Ол ұйымдық-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы процестің бір бөліп ретінде қарастырылады Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру ісін жобалаудың әлдеқайда жалпы принциптеріне бағдарланған.
Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін бірінші кезекте анықтауды ұйғарады. Өйткені олар басқару аппаратының міндетті істерінің мазмұнын әрі міндеттерінің құрылымын тудырады. Бұл кезеңнің маңызы өте зор.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыратын әр түрлі әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.
Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын.
1. Мақсаттарды құрылымдау,
2. Сараптық-талдамалық.
3. Үйымдық үлгілеу (организационного моделирования),
4. Ұқсастықтар (аналогий)
Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі мәнге ие бола алады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процесті үш ірі сатыға бөлуге болады.
1.Басқару аппаратының жалпы құрылымдық схемаларын қалыптастыру («композиция» сатысы).
2. Негізгі белгілердің құрамы мен олардың арасындағы байланысты әзірлеу («құрылымдау» сатысы).
1.Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипатын әзірлеу («регламенттеу», реттемелеу сатысы).
Осы сатылардың әрқайсысының мазмұны басқару объектісінің ерекшеліктері мен оның жұмыс істеу шарттарына байланысты болды.
«Композиция» сатысының бастапқы сәтіне басқарудың ұйымдық құрылымының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жатады. Мақсаттық тәсілдеменің ұйғаруы бойынша, әрбір мақсаттың жетістікке жетуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін бөлімшесі (функционалдық блок, басқару, бөлігі, мақсатты бағдарлама) көрсеткіші беріледі.
Ұйымдық құрылымның бұл сатысында басқару жүйесіндегі деңгейлердің қанша екені анықталады әрі шешім қабылдауды орталықтандыру және орталықсыздандыру, міне, осы екеуінің негізгі арақатынасы анықталады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың екінші сатысының («құрылымдау») негізгі ерекшелігі - басқару аппараты бөлімшелерінің ұйымдық шешімдерін әзірлеуді әрі ұйым ішінде байланыстарды орнатуды көздейтін басқару аппаратындағы негізгі бөлімшелердің құрамын анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілік-функциялық бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын анықтайды әрі дербес бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды.