1845 ж неміс физигі Р. Майер жасыл өсімдіктер күн энергиясын химиялық энергияға айналдыратынын дәлелдеді.
К.Е.Тимирязов фотосинтез күн спектрінің хлорофилл өте көп сіңірілген жерлерінде анағұрлым күштірек жүретінін тапты.
(Т) Фотосинтез процесін графикалық түрде дәптерде бейнелеу.
Өсімдіктердің бояғыш заттары: Өсімдік жапырақтары, негізінен жасыл түсті болып келеді, ал жемістерінің түсі әртүрлі.
Жапырақ пен жеміс құрамында ерекше зат- пигмент болады. Пигмент өсімдіктерге әртүрлі түс береді.
Жапырақ түсетін кезде, жеміс піскен кезде хлорофилл жойылады, оның орнына өсімдіктерге қызғылт сары түс беретін хлоропласт келеді.
(Б)Өсімдіктердің жапырақтары неліктен түсін өзгертетінін білу мақсатында бейнематериал тамашалап, түсінгенін айту
(Т)Фотосинтез арқылы гүл өсіру.
Оқушылар мына гүлді өсіру үшін не қажет?
1.Ауа
2.Су
3.Топырақ
4.Күн
5.Жаңбыр
Міне, оқушылар бұл фотосинтез процесі болып табылады.
Сабақ соңында оқушыларға рефлексия жүргізіледі:
Өздеріне берілгенплакатқа салынған үлкен ағашқа оқушылар өздеріне берілген стикерлерді сабақты қорытындылау барысында жабыстыру:
Жасыл түс – сабақты толық түсіндім. Сары түс – түсіндім, бірақ... Қызыл түс – түсінбедім. Кейін плакатты мұғалім тақтаға іледі.
Үйге тапсырма:
128-130-беттегі §38 – түсінігін айтып, тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
Оқушылар сабаққа қатысымы үшін бағаланады.
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?