Өсімдіктің қоректенуі



Дата29.01.2023
өлшемі14,71 Kb.
#63530
Байланысты:
Өсімдіктің қоректенуі тқж эссе


Өсімдіктің қоректенуі
Өсімдіктің қоректенуі – өсімдіктердің қоршаған ортадан бейорганикалық қосылыстарды қабылдап, бойына сіңіруі және олардың өсімдік бөліктерінің қалыптасуы мен жаңаруына, функцияларының энергиямен қамтамасыз етілуіне қолданылатын органикалық заттарға айналуы. Фотосинтез және өсімдіктің минералдық қоректенуі ашылған соң өсімдіктердің екі негізгі: ауамен және топырақ арқылы қоректену көзі анықталды. Топырақ арқылы өсімдіктің қоректенуі минералдық қосылыстар мен топырақтағы органикалық заттар арқылы жүзеге асады. Дегенмен өсімдіктің қаректенуі үшін С, О, Н, N, P, S, K, Ca, Mg, Fe, т.б. керек. Қоректік заттарды өсімдік СО2 түрінде ауадан, Н2О және минералдық тұздар иондары түрінде топырақтан алады; азотты тамыры арқылы сіңіргенде, оларды нитратты немесе аммоний тұздары түрінде қабылдайды. Ал ауадағы молекулярлы азоттың еркін қозғалыстағы түрін өсімдіктер жеңіл қабылдайды немесе азотжинаушы микроорганизмдердің көмегі арқылы сіңіреді. Ал қалған элементтер ион алмасу процесінде катиондар түрінде тамыр клеткалары арқылы сіңіріледі. Ол үшін топырақта ауа алмасып, тамыр оттекпен белсенді демалуы қажет. Жоғарыда аталған макроэлементтермен қатар өсімдіктің қаректенуіне микроэлементтер: Cu, B, Mn, Zn, Mo, Co, т.б. қажет. Өсімдік ағзаларына енген қоректік элементтер зат алмасу процесіне қосылады. Олар кейде өсімдік клеткаларында клетканың физ.-хим. қасиеттерімен анықталатын иондар түрінде де кездеседі. Көптеген өсімдіктердің қоректенуі микроорганизмдердің тіршілігімен тығыз байланысты. Кейбір өсімдіктер гетеротрофты (дайын органик. заттармен қоректенеді) тіршілікке бейім келеді. Ал паразитті және жартылай паразитті өсімдіктер толық гетеротрофты қоректенуге көшеді (қ. Гетеротрофты организмдер). Өлі органикалық қалдықтармен қоректенуді сапрофиттік, ал мұндай өсімдіктерді сапрофиттер деп атайды. Өсімдіктің көпшілігі көмірқышқыл газын сіңіріп, оны органикалық қосылыстарға айналдырады. Қоректенудің бұл түрін автотрофты деп атайды. Мұндай қоректену барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге, балдырларға және кейбір бактерияларға тән. Гетеротрофты өсімдіктер өлі органикалық қалдықтарды алғашқы минералдық заттарға дейін ыдыратады. Өсімдік шаруашылығында Өсімдіктің қаректенуін реттеп отыру органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдануға негізделген. Ол үшін топырақтың құнарлылығы, дақылдың физиологиялық ерекшеліктері мен элементтерді шығаруы, қолайлы су режимі, т.б. есепке алынады. Өсімдіктің қаректенуі арқасында органдардың өсуі, артық заттың қорға жиналуы, ақырында жемісі мен тұқымының жетілуіне қажетті қорек және энергия түзіледі. Өсімдіктің қаректенуі дұрыс жүруі үшін тұзды топырақтарды мелиорациялау, топырақты өңдеу және арам шөппен күрес, т.б. агротехникалық шаралар қолданылады. Өсімдіктің қаректенуіне байланысты табиғатта заттардың үлкен биогеохимия айналымы жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет