САБАҚ ЖОСПАРЫ«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
Сабақтың мақсаты:
Жаңа тақырыпты түсіндіру, элемнің ақпараттық бейнесі, ақпаратгық үдерістер туралы түсінік беру.
әдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік әлементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Өтілетін орны:информатика сыныбы. Оқушылар білуі тиіс: компьютердің құрылысын. Оқушылар меңгеруі тиіс:аппараттық жэне программалық қамтамасыз етуді, программалақ жүйелерді. Сабақтың барысы ¥йымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі
Теория Компьютердің дамуы мен модернизациясы бірін-бірі толыктыратын екі бағытта жүзеге асырылады. Ол - аппараттық жэне программалык камтамасыз ету. Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы Аппараттық камтамасыз ету перифериялык кұралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын күрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта - бұлардың барлыгы аппараттық камтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық камтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне жэне өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, казіргі үялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған. Программалық қамтамасыз етудің дамуы Компьютердің ұзак мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық камтамасыз етуін құрайды. Программалық камтамасыз ету жан- жақты даму үстінде (1-сурет). Сонымен катар бекітілген белгілер бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дэстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз - компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы. Базалық программалық қамтамасыз етуге операциялық жүйе мен операциялық қабықша. Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылатын программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады: Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар.
Компьютерді вирустардан қоргайтын вирусқа қарсы программалар.
Дискілерге арналған программалар.
Бағдарлы-мәселелік;
жалпыға арналған;
кенселік;
АЖЖ (Автоматтандырылған жоспарлау жүйесі);
Баспа үстелдік жүйелер;
Жасанды интеллект жүйесі.
Операциялык жүйелер; Желілік программалық жабдықтар;
Операциялык қабықшалар; Қызмет көрсету программасы.
Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар.
Желілердің қызметіне арналған программалар.
Қолданбалы программалар.
Программалық жүйелер Программалық жүйелер дегеніміз - программалық өнімдерді дайындау жэне енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтыгы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары жэне т.б. жатады. Дербес компьютерлердің қазіргі өмірдің барлық саласында қолданылатындыгы сонша, біз олардың бар екенін дербес компьютердің ақпараттық жэне программалық қамтамасыз етілуінің арқасында сезе бермейміз. Қазіргі замандағы электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) жэне олардың жүйелерінің жүмысыиа икемді компонент программалық жасақтама болып табылады. Программалық жасақтама дегеніміз - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. ЭЕМ-де программалық жасақтама қүрамын программалық конфигурациядеп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындагы сияқты байланыс бар - көптеген программалар өзінен томен деңгейдегі баска программаларга сүйеніп жүмыс істейді, ягни, біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мун пай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар жэне өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде программалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі. Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың эртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шыгару үдерістеріне ыңгайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді. Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалықнемесе негізгі, жүйелік, қызметтік жэне қолданбалы. Программалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық жүйе болып та- былады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлеріне сүйеніп жұмыс істейді.