Қызметтік деңгей. Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тыгыз байланыста болады. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау жэне жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қыз- метін жақсарту жэне кеңейту үшін қолданылады.
Өндеуде жэне қызметтік программаларды пайдалануда екі талгаулы багыт бар: амалдық жүйемен біріктіружэне автономды жұмыс жасау. Бірінші жағдайда қызметтік программалар жүйелік программаның тұтынушылық құрамын тэжірибелік жұмысқа өте ыңгайлы етіп өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік программалық қамсыздануымен элсіз байланыскан, бірақ қолданушыға аппараттық жэне программалық қамсыздануы мен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.
Қолданбалы деңгей.Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығар- машылық, оқыту жэне т.б. мақсатта нақты жүмыстар атқарылады. Қолданбалы програм- малық қүралдарға мэтіндік редакторлар, мэтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мэліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жо- балау жүйелері, баспахана жүйелері, web-редакторлар, браузерлер жэне т.б. жатады.
Дербес компьютерге арналған программалық жасақтамаларды функционалдык қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:
Жүйелік программалық жасақтама- дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жүмыстарын үйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе жэне программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік жэне ғарыштық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың сэулеттік формасын, жүмыс істеу тэсілдерін, қоршаған ортаға эсерін жэне адам- дық фактордың қатысуын қамтиды.