САБАҚ ЖОСПАРЫ«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт Тақырыбы: Рецензиялау. Емле ережесі. Ескерту.Құжатты қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Рецензия деген сөзді түсіндіру, құжатты тексеру түрлерімен таныстыру.
Құжатты қорғау мен ескерту жазу не үшін керектігін қарастыру.
Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Өтілетін орны: информатика сыныбы. Оқушылар білуі тиіс: сөздермен әрекет жасау операцияларына не жататындығын. Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін тэжірибеде қолдана білуді. Сабақтың барысы ¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген бақылау сұрақтарын ауызша қайталау, қосымша сұрақтар қою. Білімді өзектендіру
Сөздерді автоматты жэне колмен тексеруге бола ма? Автоауыстыру деген не? Құжатқа ескерту қоюға бола ма? Неге? деген сұрақтар қою арқылы білімді өзектендіру Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория Word программасы қатені тексерудің жэне түзетудің 3 нұсқасын ұсынады:
Автоматты түрде тексеру
Қолмен тексеру
Автоауыстыру.
Программада орфографияны жэне грамматиканы автоматты түрде тексеру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар: Файл => Анықтама => Параметрлер => Дұрыс жазу батырмасын шертеміз.
Word программасында Дұрыс жазуды түзету мэзіріне кіріп, орфографияны автоматты түрде тексеру жэне Грамматиканы автоматты түрде тексеру қанатшаларын шерту керек.
3. OK батырмасын шертіңдер. Дұрыс жазуды қолмен тексеру Дұрыс жазылуды қолмен тексеру үшін Дұрыс жазу диалогтік терезесі пайдаланыла- ды. Ол үшін Рецензиялау мэзірінен => Дұрыс жазу тобының => Дұрыс жазу батырмасын шертеміз немесе Ғ7 батырмасын шертеміз. Автоауыстыруды қосу үшін келесі эрекеттерді орындаймыз: Файл => Анықтама => Параметрлер => Дұрыс жазу батырмасын шертеміз;
Автоауыстырудың параметрлері өрісіне өтеміз, сол жердегі Автоауыстырудың параметрлері батырмасын шертеміз.
Енгізу кезінде ауыстыру аймағының Ауыстыру өрісіне мәтінде жиі кездесетін қате сөзді жазу керек.
Оң жағындағы өріске осы сөздің дұрыс жазылу нұсқасын жазамыз.
ОК батырмасын шертеміз. Жаңа білімді бекіту
Құжатқа ескерту жэне құжатты қорғау операцияларын тәжірибеде орындау арқылы білімдерін бекітеміз. Қорытынды кезең
Тәжірибелік жұмыс бойынша сұрақ-жауап алу арқылы қорытындылаймыз VIIIҮйге тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап жазу, мысал ретінде оқулықтарынан ескерту жазылған тақырыпты талдап келу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт Тақырыбы: Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру.
Сабақтың мақсаты:
Диаграмма құру үшін ең алдымен мэлімет керек екенін түсіндіру қажет.
Кесте туралы мэлімет беру, диаграмма құру үшін мәліметті кестеге енгізу керектігін түсіндіру жэне диаграмманың түрлерін қарастыру.
Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Өтілетін орны: информатика сыныбы. Оқушылар білуі тиіс: кестеге мәліметті енгізуді және содан кейін орындалатын операцияларды. Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана білуді. Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Бақылау сұрақтарымен қосымша сүрақтар қою арқылы үй тапсырмасын әрбір оқушыдан сұрау жэне қосымша оқулықтан берілген, ескерту жазылған мысалдарды талдаймыз, арасында 3-4 балаға тәжірибелік тапсырмалар беруге болады. Білімді өзектендіру
Диаграмманы қалай түсінесіңдер? Диаграмманың қандай түрлері бар? Диаграмма құру үшін ең алдымен не керек? Мысал келтіріңдер. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория Диаграмма қүру үшін бізге ең алдымен сандық жэне мэтіндік ақпарат керек (осы ақпаратты кестеге енгізу арқылы диаграмма қүра аламыз). Кесте - жолдар мен бағандардың кез келген санынан қүрылады, мысалы: 5 баған, 5 жол болуы мүмкін. Жол - қатар орналасқан ұяшықтардың көлденең бірлестігі. Баған - қатар орналасқан үяшықтардың тік бірлестігі. Баған мен жол қиылысып, ұяшық түзеді. ¥яшық - дерек сақталатын орын. Қүжатта диаграмма құру үшін біз кестемен жүмыс жасаймыз. Диаграмма - MicrosoftExcelжэне MicrosoftWordпрограммаларының графикалық мүмкіндігі. Мэліметтерді кестеге енгізіп, диаграмма қүрамыз, ягни, диаграмма - деректерді графикалық түрде көрсетуге арналган. Диграммалардың түрлері:
багандық (гистограмма)
сызықтык;
дөңгелек;
нүктелік;
сақиналық;
көпіршіген;
жапырақшалық;
цилиндрлік;
конустық;
пирамидалық;
биржалық.
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі болады: горизонталь (категориялар осі) жэне вертикаль осі (мэндер осі). Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар қосылады. Жаңа білімді бекіту
Диграмманы тэжірибе түрінде орындау арқылы білімдерін бекітеміз Қорытынды кезең
Тәжірибелік жұмыс бойынша сүрақ-жауап алу арқылы қорытындылаймыз. ҮіПҮйге тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап жазу, мысал ретінде 5 пэн бойынша 10 сабақтан алған бағаларына диаграмма құрып жэне флешкамен әкеліп тексерту керек немесе қағазға шығарып әкелу керек.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт Сабақтың тақырыбы: Макростар Сабақтың мақсаты:
Макростың анықтамасымен таныстыру.
Макростарды Backstage көрінісінде қосу, қауіпсіздік жүйесінің ескертуі пайда болған кезде макростарды косу, макростарды Түр мэзірі арқылы құру жолдарымен таныстыру.
Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту, тиянақтылыққа тэрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар. Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы. Өтілетін орны: информатика сыныбы. Оқушылар білуі тиіс: макростар қай кезде қауіпті екендігін түсіндіру. Оқушылар меңгеруі тиіс: макросты құжатпен жұмыс жасағанда қолдана білуді. Сабақтың барысы ¥йымдастыру кезеңі
Сабактың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын әрбір оқушыдан сұрау жэне үйде диаграмманы қүрғандығын сүрап, орындаған оқушылардың жүмыстарын тексеру. Білімді өзектендіру
- Макрос дегенді бұрын-соңды естіп кордіңдер ме? Не үшін қолданады? Мысалдар келтіріңдер. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория Макрос дегеніміз не, оларды кім жасайды жэне қауіп төндіру дегеніміз не? Макрос құжаттағы қайталанып орындалатын бүйрықтарды автоматтандыру үшін қолданылады жэне оны тапсырманы орындау керек болғанда іске асыруға болады. Макрос - VisualBasicforApplications (VBA) программасы арқылы жазылған. Кейбір макростар қүжатқа біршама қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан макросты дүрыс пайдалана алмасаңдар, оны қолданудың мүлде қажеті жоқ. Макросты файлга енгізу арқылы ком- пьютерге жэне желілерге вирустарды таратуға болады.