Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
10 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, үй жұмысын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тақтада мынадай суреттер тұруы тиіс
Тақырып: Метрополитен
Тақырып анықталып, оқу мақсаттарымен таныстыру.
5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу
|
Оқушылар мұғаліммен амандасып, кезекші сұхбат жүргізеді.
«Құпия қорапша»
әдісі арқылы мұғалімге үй жұмысын оқиды.
Тақырыпқа деген қызығушылын арттыру мақсатында тақтадағы суреттерді көреді.
Бүгінгі тақырыпты болжайды.
|
Қалыптастырушы бағалау:
Дескриптор:
-Суреттерге қарап сабақтың тақырыбын болжайды.
-Сұраққа жауап береді.
- оқу мақсаттарымен танысады
|
|
Сабақ ортасы
10 минут
8 минут
7 минут
5 минут
|
Жаңа сабақты түсіндіру:
Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7, 04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б
|
Тақтада ілінген ереже нұсқаулығымен танысады;
Грамматикалық тақырыпты түсінеді.
|
Қалыптастырушы бағалау:
|
Қазақ тілі оқулығы
5 сынып
|
1-тапсырма
Берілген бөлшектік сан есімдерді әріптік таңбамен жазыңдар.
2,9; 8,5 ,7,15 9,60; 7/8;1/5 9/2; 1/100; 5/49; 3/87
|
Жеке жұмыс(жазбаша)
Екі бүтін тоғыз ондық
Сегіз бүтін бес ондық
Жеті бүтін он бес жүздік
Жүзден бірі
Қырық тоғыздын бесі
|
Дескриптор:
-Бөлшектік сан есімдерді әріптік таңбамен бейнелеп жазады; 3 б
|
|
2-тапсырма
«ПОПС формуласы» Метроның артықшылықтары
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…»
|
Жеке жұмыс
Попс формуласы арқылы берілген тақырыпты толық ашып,түсіндіреді.
Менің ойымша метроның артықшылықтары өте көп.
Себебі мен оны былай түсіндіремін үлкен қалалардың тұрғындары үшін ең қолайлы қоғамдық көлік түрі болып табылады.
Оны мына фактілермен дәлелдей аламын:метроға қауіпсіздігі мен жайлылығы , уақытты үнемдеуде тең келетін көлік жоқ
|
Дескриптор
- метро артықшылықтарын анықтайды
- Нақты фактілермен,мысалдармен дәлелдеп береді.
-Қорытынды жасайды
4б
|
Қазақ тілі оқулығы
5 сынып
|
3-тапсырма
Сан есімнің мағыналық түрлеріне қатысты ребусты шешу
|
Жұптық жұмыс
1 қатар Жинақтық
2 қатар Бөлшектік
3 қатар Болжалдық
|
Дескриптор:
-Суреттердегі қажетті әріптерді тауып ребусты шешеді 3 б.
|
Қағаз қиындылары
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Кері байланыс
«БББ» әдісі
|
Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты Білемін, Білдім, Білгім келеді деген мәліметтерді айтады.
|
|
|
Үй тапсырмасы
Әлемдегі үлкен метрополитен ішінен бір метро туралы мәлімет жазып келу
|
Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.
|
|
|