Сабақ жоспары Бөлім Ынтымақты отбасы



бет1/4
Дата07.06.2023
өлшемі34,41 Kb.
#99538
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Жайлауова А.Ж. Өзін - өзі тану


Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Бөлім

Ынтымақты отбасы

Педагогтың аты-жөні

Ұлан ауданы білім бөлімінің «Гагарино орта мектебі» КММ
Жайлауова А.Ж.

Күні




Сынып: 2 «Ә»

Оқушылар саны: 15 /қатыспағандардың саны

Сабақтың тақырыбы:

№15 сабақ. Салауатты отбасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

  • денсаулықты сақтау үшін жақсы ойлардың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;

Құндылығы

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

тазалық, мейірімділік,еңбексүйгіштік

Сабақтың мақсаты:

«Салауатты отбасы» туралы түсінік бере отырып, Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:



  • «Салауатты отбасы», «тазалық» туралы түсінік беру;

  • еңбексүйгіштік қасиетін дамыту;

  • еңбексүйгіштікке, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
(1 мин)

Жағымды көңіл күй
(3 мин)

Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
«5-Т» ережесімен еске түсіреді.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.Балаларды жағымды көңіл - күйге келтіреді.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді
түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды
тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің
төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Балғын және таза
әсем ой сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек
қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға бағыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем
әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек
ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана
бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,
ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,
жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің
ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз.Жайлап ойымызды
жинақтап, сабағымызға назар салайық.
Рақмет!

  • Нұр сәулесі сендерге қалай әсер етті?

  • Қандай күйде болдыңдар?

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар нұрға бөлену жаттығуын жасап, терең ойлауға бейімделеді.
«5 – Т» ережесін еске түсіреді.
Алған әсерлерімен бөліседі.Зейіндері шоғырланады.

Жалпы білім беретін мектептің 2 – сыныбына арналған оқулық /Р.Ә.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Ж.Ж.Әкімбаева Р.О.Ізғұттынова, Г.У.Кошкеева, Н.М.Оналбаева, Б.С.Ахатаева – Алматы,2017. – 144 бет.

Волшебная Композиция Хрустальная грусть


https://stand.hitplayer.ru/



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет