Сабақ жоспары Бөлім Жылу құбылыстары



бет3/4
Дата11.01.2023
өлшемі28,31 Kb.
#60928
түріСабақ
1   2   3   4
Қосымша2
Үй тапсырмасы: 1. ПӘК-і 60 пеште 500С-ғы 1 т шойынды балқыту үшін қанша тас көмір жағу керек? сш540 Дж/кг0С, qт=30106 Дж/кг, tб011500С.
2. Массасы 120 г жез калориметрге массасы 100 г, температурасы 200С керосин құйылды, сонан соң осы калориметрге массасы 200 г, температурасы 960С темір кесегі салынды. Сол кезде керосиннің температурасы 400С болса, керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? Сж380 Дж/кг0С.


Үй тапсырмасының жауаптары
1.  38 кг
2. 2120 Дж/кгоС

Тексерілді:



Теориялық материал
Энергияның сақталу заңы:
Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден
екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге
айналады.
Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған
ортамен жылу алмасу болмаса, онда ол тұйықталған және жылулық
оқшауланған болады.
Энергияның сақталу және айналу заңы:
Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық
энергиясы-осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.


Зертханалық жұмыстың орындалу үлгісі
Температуралары әртүрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстырыңыздар

  1. Жұмыстың мақсаты: жылу алмасу барысында ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін анықтау, алынған нәтижені түсіндіру.



  1. Болжам: ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшері тең болады.



  1. Құрал – жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка), термометр, ыстық және суық су, стакан.


4. Жұмыстың орындалу барысы:

    1. Калориметрге массасы 100 г болатын ыстық суды, ал стаканға мөлшері дәл сондай суық суды құйыңдар. Ыстық және суық судың температурасын өлшеңдер.

    2. Суық суды еппен ыстық судың үстіне құйыңдар, термометрмен араластырып, температурасын өлшеңдер.

    3. Орныққан температураны пайдаланып, ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін есептеңдер.



    1. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет