Сабақ жоспары Бөлім: Көлік және жол белгілері


Жұптық тапсырмада ұсынатын белгілер



бет3/3
Дата10.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#81179
түріСабақ
1   2   3
Жұптық тапсырмада ұсынатын белгілер




Оқылым мәтіні
Жол белгілері
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге ақпарат беру мақсатында жол бойына қойылатын арнайы белгілер.
Жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
1. Ескерту белгілері
2. Басымдылық белгілері
3. Тыйым салу белгілері
4. Міндеттеу белгілері
5. Ақпараттық-көрсеткші белгілері
6. Қызмет көрсету белгілері
7. Қосымша тақтайшалар
1. Ескерту белгілері – жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасақталып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шертты белгілер салынады.
2.Басымдық белгілері – көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін,кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
3.Тыйым салу белгілері – көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
4.Міндеттеу белгілері – бір бағыттаа немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
5.Ақпараттық-көрсеткіш белгілері – қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай –ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды.
6.Қызмет көрсету белгілері – жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысаналары туралы ақпарат береді. Олардың жалпы саны-12.
7.Қосымша ақпараттық белгілері- бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасақталып,ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі.Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет