Куб және оның элементтері, қасиеті. Кубтың бүйір және толық бетінің аудандары.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
- Куб және тікбұрышты параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу;
- Куб және тікбұрышты параллелепипедтің қасиеттерін қорытып шығару және есептер шығаруда қолдану;
Сабақ мақсаты:
Білім алушы: - Куб және параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін білу;
- Куб және параллелепипедтің қасиеттерін бүйір және толық бетінің аудандарын есептер шығаруда қолдану;
Бағалау критерийлері
- Куб және параллелепипед анықтамасын және қасиеттерін біледі;
- Куб және параллелепипедтің қасиеттерін қорытып және есептер шығара алады.
Пәнаралық байланыс
Информатика, қазақ тілі
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты лексика және терминология: тікбұрыш, көпжақ, көпбұрыш, призма параллелепипед, куб...
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Куб,бүйір бетінің ауданы ...
Куб, толық бетінің ауданы ...
І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, түгендеу. Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырыпты қайталау
Жаңа сабақ:
Білімді өзектендіру (Ойтүрткі)
«Суреттер:Не болды» әдісі Білім алушыларға GeoGebra бағдарламасы бойынша сызылған суреттер көрсетіледі, сурет бойынша түсініктерін айтады.
Көпжақ – Призма - Паралелепипед
1.Көпжақтар 3д форматында көрсету
2.Суреттегі фигуралар қалай аталады /сұрақ қою/.
3.Көпжақ анықтамасы,
4.Пирамидаларды алып тастап, қалған фигуралардың қалай аталатынын сұрау
5.Призма анықтамасы?
6.Параллелепипедті ғана қалдыру
7.Анықтама. Табаны параллелограмм болатын призманы параллелепипед д.а.
ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
GeoGebra бағдарламасы
Сабақтың ортасы
II.Білу: 1.Тікбұрышты параллелепипед анықтамасы:
Тіктөртбұрыштармен шектелген кеңістіктік денені тікбұрышты параллелепипед деп атаймыз.
«Құпия зат» әдісі: Білім алушыларға параллелепипед сызбасын көрсете отырып, оның элементтерін анықтау және жаңа тақырыппен байланысын сұрау.
2.Параллелепипед және оның түрлері /Студенттерден сұрау/
1/Тікбұрышты параллелепипедтің қанша төбесі бар?
2/Тікбұрышты параллелепипедтің қанша қыры бар?
3/Тікбұрышты параллелепипедтің қанша жағы бар?
4/Жақтары қандай фигуралар? - тік төртбұрыштар
5/Бір төбесінен шығатын үш қыры – тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері деп аталады.
6/Параллелепипед түрлерін айту /Тік, көлбеу, тікбұрышты параллелепипед/
Дескриптор:
Параллелепипедтің түрлерін білу;
Параллелепипедтің элементтерін атау;
ҚБ: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалау: «Жарайсың», «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»