2-мысал. 8 г натрий гидроксиді 72 г суда ерітілген. Осы ерітіндінің молекулалық процентпен алынған концентрациясы қандай?
Шешуі. Алдымен ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің моль сандарын табамыз:
моль
Содан соң формула бойынша еріген зат молінің ерітіндідегі жалпы мольдер санына проценттік қатынасын анықтаймыз:
Жауабы: Ерітіндінің молекулалық процентпен алынған концентрациясы – 4,7%.
Егер ерітінді элемент күйіндегі заттардан (құймалар) тұратын болса, молекулалық процент орнына атомдық проценттерді пайдалану тиімдірек. Мұнда ерітіндінің концентрациясы, еріген зат грамм-атомдарының ерітіндідегі жалпы грамм – атомдар санына қатынасымен белгіленеді. Атомдық процентті табу есептеулерінің осының алдында келтірілген молекулалық процентті табу есептеулерінен кӛп айырмасы жоқ. Сондықтан оған арнайы тоқталып жатпаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |