№5 практикалық сабақ
Тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі тарауларын оқыту әдістемесі: ерітінділер, электролиттік диссоциация (1 сағат).
Сабақ жоспары:
1. Ерітінділер тақырыбына арналған глоссариймен жұмыс
2. Ерітінділер концентрацияларына арналған есептер шығару әдістемесі
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Ерітінділердің физика-химиялық теориясының негізгі қағидаларымен, ерітінділердің жалпы қасиеттерімен таныстыру, ерітінділердің концентрациясы туралы білімдерін жетілдіру, есептер шығару әдістемесімен таныстыру.
Сабақтың мазмұны:
Глоссарий
Ерітінділер - еріген зат, еріткіш және олардың әрекеттесуінің өнімдерінен тұратын гомогенді жүйе.
Ерігіштік – берілген температурада 100г (немесе 1000мл) еріткіште еритін заттың мах мөлшері.
Қаныққан ерітінділер - еріген затпен ерімеген зат тепе-теңдікте болатын ерітінділер.
Қанықпаған ерітінділер – бірдей температурада қаныққан ерітіндінің концентрасынан концентрациясы аз болатын ерітінді.
Қаныққан будың қысымы – сұйықтықпен тепе-теңдікте болатын бу қысымы.
Рауль заңы – ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының төмендеуі еріген заттың мольдік үлесіне тура пропорционал. ( Р = Р0 · χ 0 ).
Сұйықтықтың қайнау температурасы - сұйықтық бетіндегі қаныққан бу қысым атмосфералық қысыммен теңесетін температура.
Эбуллиоскопиялық тұрақты ( Е ) – тек еріткіштің табиғатына тәуелді, 1 кг еріткіште 1 моль зат ерігендегі қайнау температурасының жоғарылауына тең.
Криоскопиялық тұрақты ( К ) - тек еріткіштің табиғатына тәуелді, 1 кг еріткіште 1 моль зат ерігендегі қату температурасының төмендеуіне тең.
Осмос – жартылай өткізгіш мембранамен бөлінген ерітіндіге еріткіштің өздігінен өтуі.
Осмос қысымы – осмосты тежеуге қажетті қысым
Вант – Гофф теңдеуі - Росм = ν RT /V = mRT / МV
Моляльдік концентрация – еріген зат мөлшерінің( моль) еріткіш массасына (кг) қатынасы
Мольдік концентрация - 1 л ерітіндідегі ерітген заттың мөлшері
Нормальдік концентрация -1 л ерітіндідегі еріген заттың эквивалент саны.
Массалық үлес(ω) – еріген зат массасының жалпы ерітінді массасына қатынасы.
Титр (Т) – еріген зат массасының (г) ерітінді көлеміне қатынасы (в мл).
Достарыңызбен бөлісу: |