І. Ұйымдастыру кезеңі: 8.30- 8.35 1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру. 2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру. 3. Құрал- жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25 1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2.Білім алушылардың білім деңгейлерін пысықтау: - Кеңістік ерекшеліктері және оның жазықтан өзгешелігі неде?
- Белгілеуші плиталарды сипаттап беріңіз
- Кеңістік белгілеуде белгілеу сызаттарын түсіру үшін қандай аспаптар қолданылады?
- Белгілеуге әзірлеу жұмыстары қандай?
- Дәл белгілеу қалай орындалады?
- Белгілеушінің жұмыс орнына қандай талаптар қойылады?
3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру: * Қырнаудың мағынасы және атқаратын қызметі
* Шаберлер дегеніміз не?
* Қырнауды сынау
* Жазықтықтарды қырнау
* Қырнаудың түрлері
* Қырнауда кететін ақау және оны болдырмау шаралары
Қырнаушаберлер деп аталатын аспаптардың көмегімен жұқа жоңқаларды қыру жолымен бұйымды өңдеу жөніндегі ақтық өңдеп шығару операциясы. Ол түйіндесетін беттердің жақсы жанасуын жоғары дәрежеде жазықтылық пен түзу сызықтылықты қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда қолданылады. Әдетте шынықтырылмаған беттер ғана қырналанады (шабрленеді).
Қырнау процесінің мағынасы мына төмендегідей. Сынаушы аспап (плита, сызғыш) сырдың жұқа қабатымен сырланады. Содан кейін оған өңделетін бұйым қойылады. Енді бұйымды айналдыра қолғалтып жылжытсақ, оның көтеріңкі жерлеріне сыр жұғып қалады, кейін ол жерлер шабрмен қырылады.
Бұл үшін детельдерды іскенже (тискіге) қысып қояды. Шаберді тұтқасынан оң қолмен ұстайды да, сол қолмен оның ұшындағы кесетін жиегін қысып басады. Аспап өңделетін бетке 15-25º бұрыш жасай көлбетіле ұсталады. Шаберді алға қарай қозғау жұмысшы жүріс, ал кері қозғау – бос жүріс деп аталады. Жұмысшы жүрісінде оның кескіш жүзі жұқа жоңқа қырнап түсіреді. Операцияны беттің бірлігіне қажетті санды алғанша қайталайды. Неғұрлым ол көп болған сайын, соғұрлым беттегі дөңестер мен ойыстар кішірейе береді, демек бұл бет шабрленеді деген сөз. Ірі детальдарды бекітпейді, оларды орнататын жерінде шабрлейді.
Шаберлер – ұшында кескіш жиектері бар түрлі формалы металл стерженьдер. Жазықтықтарды қырнау үшін жазық шаберлерді қолданады. Олар бір жақты және екі жақты, тұтас және алып-салмалы пластинкалы болып келеді. Бір жақтытұтас шаберлерді әдетте У12А маркалы болаттан ұзындығын 150-300мм етіп жасайды. Көбінесе оларды алдын-ала бедерлерін кетіріп алып,ескі егеулерден жасайды. Екі жақты шаберлерді ұсталық тәсілдермен ұштарын қалпақтап жалпайтып, жұмыр темірлерден жасайды.Оның ұзындығы 350-400мм болады. Жүзі қайтып тозғанда пластинканы өзгертуге, сондай-ақ шапшаң кесетін болаттардан және қатты қорытпалардан жасалған платинканы пайдалануға мүмкіндік беретін алып-салмалы пластинкалы шаберлер әлдеқайдй тиімді конструкциялы болып табылады.Алып-салмалы пластинкалы шаберлер өндірісте кеңінен қолданылады. Сүйір бұрыш түзетін беттер үшін жартылай дөңгелек қолданылады. Олардың қимасы-сегмент, ал мөлшерлері жазық шаберлердікімен бірдей. Қисық сызықты беттерді үш жақты шабермен шаберлейді. Олардың жұмысшы жүзі бүйір жақтары болып табылады. Қайрауды жеңілдету үшін жағын бойлай кертік жасайды. Үш жақты шаберлерді көбіне үш жақты егеулерден жасайды. .Подшипниктер ішпектерін қырнау үшін шебер-сақина қолданылады. Беттерді өңдеу үшін өндіріс жаңашылдары дискілі шаберді ұсынады. Олардың диаметрі 50-60ммжәне қалыңдығы 3-4 мм дискісі гайкамен тұтқаға бекітіледі.