Сабақ жоспары Күні



бет2/2
Дата25.03.2022
өлшемі75,42 Kb.
#28804
түріСабақ
1   2
Құндылықтарға баулу:




• Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

• Ынтымақтастық;

• Жауапкершілік;



• Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Бұл бөлімде оқушылар ІІ тоқсанда меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады. Сабақ оқушылардың ғаламтор, әлеуметтік желі туралы ақпараттармен өрбиді.

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Бағалау

Ресурстар

3 минут


Ұйымдас-тыру

Сәлемдесу.

Оқушыларды үш топқа топтастыру.
Ой қозғау

Оқушылар суретке қарап, тақырыпты болжайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.


Суретке қарап, тақырыпты оқушыларға болжату.




Мадақтау

https://www.youtube.com/watch?v=xXmdwXY17z8

таныстырылым

3 минут




Жаңа сабақ

Тыңдалым тапсырмасы.

«Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында тыңдалым мәтінінің алғашқы бөлігін тыңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=xXmdwXY17z8





«Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында тыңдалым мәтінінің алғашқы бөлігін тыңдату.




Бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/page_56243_aleumettik-zheliler-arkyly-tanymal-bolhandar




4 минут

4 минут




Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны.

ТЖ. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Екі бейнебаянды көріп болған соң, 1 оқушыдан конверттен сұрақтар таңдайды.



Конверттен сұрақтар:

1.Сіз қандай әлеуметтік желіде тіркелгенсіз? Неліктен?

2.Әлеуметтік желіде отырғанда қандай әріптерді қалай пайдаланасыздар?Неліктен?

3.Ғаламтордың сіздер үшін қандай зияны мен пайдасы бар деп ойлайсыздар? Неліктен? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

4. Сіздің топтағы оқушылардың әрқайсысы күніне қанша уақытын әлеуметтік желіде отыруға арнайды? Неліктен?

5.Сіздерге интернеттің күнделікті сабақ үшін қандай пайдасы бар? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

6.Ғаламтор арқылы отбасы мүшелері қандай қызмет түрлерін пайдаланады? Мысал келтіріңіз.

7.Әлеуметтік желіге тіркеліп, күн сайын қызметін пайдалану үшін отбасы мүшелері ай сайын қанша ақы төлейтінін білесіз бе? Орта есебін шығарыңыздар.

8.Ғаламтор арқылы кәсіппен айналысуға болады ма? Пайдасы туралы кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

9.Әлеуметтік желіде өздеріне жаңа таныстар табудың пайдасы мен зияны туралы қандай пікір айтасыздар?

10.Әлеуметтік желіде отырғанда қазақ әріптерін ғана пайдаланатын, латын әрпін, ағылшын әріптерін, орыс әріптерін пайдаланатын оқушылардың орта есебін және сөздерді қысқартып жазатын оқушыларды табыңыз. Неліктен олай жасайды? Себебін түсіндіріңдер.

11.Әлеуметтік желі құру арқылы миллионер болған атақты адамдар туралы не білесіздер? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.

12.Әлеуметтік желі арқылы танысқан достарыңды білесің бе?
Оқушылар алдымен сұрақтарды оқып шығып талқылайды, тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейбір сұрақтар детальді ақпарат алуға бағытталуы тиіс. Оқушылар ғаламтор мен әлеуметтік желі туралы құбылысқа детальді жауап береді. Сұрақтардың қайсысы жалпы және қайсысы нақты екенін ажыратады. Алынған ақпаратты өмірмен байланыстырады.

Айтылымға жалпы уақыт – 7-10 минут.









Дескрипторлар:

1.Сұраққа жауап беруде тыңдалымнан алынған ақпаратты ұтымды пайдаланады;

2.Жауаптарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, кемі үш дәлел келтіреді;

3.Ойларын сауатты әрі көркем жеткізуде бір мақал және бір тұрақты тіркесті орынды қолданады.


Критерий бойынша бағалау.

Әлеуметтік желі дегеніміз не?

http://serpin.kz


таныстырылым

/proza.kz/ru/prose/zhuldyz_zholmakhan

таныстырылым


5 минут

Бекіту

Мәтінді оқыңыз.

«Ғаламтордың жетістіктерін қазіргі жастар бағалай ма?» деген сұраққа «ПОПС» формуласы арқылы жауап беріңіз.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Мен оның себебін былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».


Өз ойын қорытылау мақсатында қосымша ақпарат көрсетіледі:
Ғаламтордың жетістіктері

Ғаламтор технологиясы жылдам өзгеріп отырады. Ғаламтормен жұмыс істеу жеңіл болғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, «Web-тен білгім келген нәрсе туралы, ақпарат таба аламын ба?», - деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен ақпарат алады. Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенін білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз. Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі - сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның мекен- жайын тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.



Зерттеу. Заң кеңселері бұрын қажетті ақпараттар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны ғаламтордан арзан бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Ғаламторға сай келетін демографиялық мәліметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады.Ғаламтор көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.

Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту бағдарламаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шаңырақтарымен электрондық пошта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті ақпараттардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, көлік қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала алады.

Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.

Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады. Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда ақпарат барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.








Критерий бойынша бағалау.

Бағалау дескрипторы:

Етістіктің рай түрлерін орынды қолданады,




https://www.youtube.com/watch?v=xXmdwXY17z8


1 минут



Кері байланыс

Рефлексия.

- Бүгінгі сабақтан қандай ақпарат алдыңыз?

- Бүгінгі сабақта алған ақпараттың алдағы өміріңізде пайдасы бар ма?

- Сабақта қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?



- Сізге қиындықты жеңу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?















Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет