Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны.
ТЖ. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Екі бейнебаянды көріп болған соң, 1 оқушыдан конверттен сұрақтар таңдайды.
Конверттен сұрақтар:
1.Сіз қандай әлеуметтік желіде тіркелгенсіз? Неліктен?
2.Әлеуметтік желіде отырғанда қандай әріптерді қалай пайдаланасыздар?Неліктен?
3.Ғаламтордың сіздер үшін қандай зияны мен пайдасы бар деп ойлайсыздар? Неліктен? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
4. Сіздің топтағы оқушылардың әрқайсысы күніне қанша уақытын әлеуметтік желіде отыруға арнайды? Неліктен?
5.Сіздерге интернеттің күнделікті сабақ үшін қандай пайдасы бар? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
6.Ғаламтор арқылы отбасы мүшелері қандай қызмет түрлерін пайдаланады? Мысал келтіріңіз.
7.Әлеуметтік желіге тіркеліп, күн сайын қызметін пайдалану үшін отбасы мүшелері ай сайын қанша ақы төлейтінін білесіз бе? Орта есебін шығарыңыздар.
8.Ғаламтор арқылы кәсіппен айналысуға болады ма? Пайдасы туралы кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
9.Әлеуметтік желіде өздеріне жаңа таныстар табудың пайдасы мен зияны туралы қандай пікір айтасыздар?
10.Әлеуметтік желіде отырғанда қазақ әріптерін ғана пайдаланатын, латын әрпін, ағылшын әріптерін, орыс әріптерін пайдаланатын оқушылардың орта есебін және сөздерді қысқартып жазатын оқушыларды табыңыз. Неліктен олай жасайды? Себебін түсіндіріңдер.
11.Әлеуметтік желі құру арқылы миллионер болған атақты адамдар туралы не білесіздер? Кемінде 3 дәлел келтіріңіздер.
12.Әлеуметтік желі арқылы танысқан достарыңды білесің бе?
Оқушылар алдымен сұрақтарды оқып шығып талқылайды, тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейбір сұрақтар детальді ақпарат алуға бағытталуы тиіс. Оқушылар ғаламтор мен әлеуметтік желі туралы құбылысқа детальді жауап береді. Сұрақтардың қайсысы жалпы және қайсысы нақты екенін ажыратады. Алынған ақпаратты өмірмен байланыстырады.
Айтылымға жалпы уақыт – 7-10 минут.
|
Дескрипторлар:
1.Сұраққа жауап беруде тыңдалымнан алынған ақпаратты ұтымды пайдаланады;
2.Жауаптарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, кемі үш дәлел келтіреді;
3.Ойларын сауатты әрі көркем жеткізуде бір мақал және бір тұрақты тіркесті орынды қолданады.
Критерий бойынша бағалау.
|