Сабақ жоспары Компьютерді жаңғырту (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы: Компьютер архитектурасы


Компьютердің қолданылуының ең басты салалары



бет4/4
Дата25.03.2022
өлшемі1,89 Mb.
#28717
түріСабақ
1   2   3   4
Компьютердің қолданылуының ең басты салалары:
1. Офистік компьютер. Атауы айтып тұрғандай, компьютер офистерде, конторларда, кассаларда қолданылады.

2. Ойынға арналған компьютер. Мықты болуы үшін ол 3D графикамен жұмыс жасау кезінде жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз етуі керек. Бұдан аңғаратынымыз, оған міндетті түрде соңғы үлгідегі графикалық бейімдеуіш және процессор қажет.

3. Үй компьютері. Офис компьютері мен ойын компьютерінің бір симбиозы. Ал конфигурациясына қарағанда ойын компьютеріне жақын.

4. Графика және бейне мәліметтерді өңдеуге арналған компьютер. Ең жылдам процессор (екі немесе төрт ядролық), үлкен көлемді жады және көлемі мол қатқыл дискі болуы керек. Соған қоса, бір-екі DVD диск-жетек құрылғысы керек. Компьютердің мұндай бейне жүйесі мамандандырылған теледидарлық кіру және шығу бейнекартасынан және FireWire контроллерінен тұруы қажет, бұлар бейнені цифрлы бейнекамерадан, бейне таспадан көшіру үшін қолданылады.


Бақылау сұрақтары


  1. Кұраушылар микросхемасының жұмыс жасау қабілетін қалай тексереміз?

  2. Компьютерді құрастыру мен бөлшектеу үшін қандай алгоритм бойынша қызмет ету қажет?

  3. Жаңғыртуға қандай негізгі құраушылар жатады?

  4. Жүйенің өнімділігін қандай құралдармен тексеруге болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет