Сабақтың барысы
А)Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі
а) Оқу жұмысын ұйымдастыру
б) Студенттердің білімін тексеруге психологиялық дайындығын ұйымдастыру
в) Эмоциялық көңіл-күй құру
Б)Жаңа білімді меңгеру
Жұмыстың мақсаты: Компьютерді жаңғырту
Кез келген құрылғы біраз уақыт өткеннен кейін өзінің мүмкіндігін жоғалта бастайды немесе қазіргі заманның талабына сай келмейді. Басты себебі – ешкім өзгертіп жоя алмайтын және қашанда үзіліссіз даму үстіндегі ғылыми-техникалық үрдістің болуы.
Компьютерлер және кез келген компьютерлік техникаға келсек, құраушыларының ескіруі немесе істен шығуы техниканың жұмыс жасауының нашарлағанынан байқауға болады. Сондықтан, ерте ме кеш пе жҥйені жаңғыртуға тура келеді.
Жаңғырту (модернизация, апгрейд) – ескірген құрылғыны жаңасына ауыстыру немесе берілген конфигурацияға жаңа құрылғыны қосу. Басқаша айтқанда, бастапқы конфигурацияны қолданушының жаңа талабына сай өзгерту. Конфигурация (пішін) – бұл компьютердің жұмысын анықтайтын толық жиынтық: жҥйелік тақша, процессор, жедел жады, қатқыл дискі және т.б.
Жаңғырту себептері
Егер компьютер жылдамдығы берілген тапсырманы шешуге жеткіліксіз екендігіне, қалаған нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретініне сенімді болсақ, онда ең алдымен әлсіз буынды анықтап алған жөн. Тек сонда ғана компьютердің жұмысын арттырудың бағытын, жолын таңдауға болады. Егер оның графикалық мүмкіндіктері қанағаттандырмаса, онда орнатылған графикалық бейімдеуішті талдап, тексеріп және қандай операцияларды шеше алатынын, ал егер процессор жылдамдығы жеткіліксіз болса, онда оған қандай тапсырма жетіспейтінін анықтап алу қажет. Компьютерді жаңғыртуға әкелетін себептер көп. Алдымен ақау жерлерін аңықтау қажет, мәселен, қатқыл дискінің шуылы, процессордың қызуы. Бірінші жағдайда жүйелік қорапты ыдыратып, тыңдау жеткілікті, екінші жағдайда – арнайы бағдарламаны орнатып, температурасын тексеру керек. Қалған құраушылардың жұмысын тек компьютермен жұмыс жасау кезінде алған әсерінен анықтауға болады.
Жаңғыртуға келетін негізгі құраушылар:
1. Процессор 3D-графиканы қолданғанда, бейне және дыбысты өңдегенде және кез келген бағдарламалармен жұмыстанғанда үлкен маңызды роль атқарады.
2. Жедел жады ешқашан көп болмайды. Қарапайым бағдарламалармен жұмыс істеуге, ережеге сәйкес, 512 Мбайт жеткілікті. Егер компьютерлік ойындарды алсақ, жадының көлемі кем дегенде 2-4 Гбайт болу керек. Ол процессордың, жадының жылдамдығына кепіл бола алады, компьютердің жалпы өнімділігін 15-20 % -ға арттырады.
3. Бейнекарта жадының көлемі кем дегенде 64 Мбайттан кем болмауы тиіс. Егер қолданушы графикалық бағдарламалармен жұмыстанса, онда PCI Express 16x интерфейсті, графикалық жадының көлемі 512 Мбайттан жоғары болса жеткілікті.
4. Қатқыл дискі тек сақтау қоймасы ретінде маңызы зор десеңіз, қателесесіз. Негізінде бұл ақпаратты сақтауға арналғанымен, жедел түрде қажетті ақпаратты алатын құрал. Ол әрбір ақпаратты жазғанда жылдамдыққа бағынады. Оның жұмысы жай болса, онда компьютердің де жұмысы баяулайды. Ол процессорға, бейнекартаға, жедел жады көлеміне тәуелді. Сондықтан компьютерге жай қатқыл дискі қойылса, оны жаңа көлемді жылдамдығы көп қатқыл дискіге ауыстырған ыңғайлы.
5. CD/DVD диск-жетекке көптеген мәліметтерді сақтап қоюға болады, мәселен, музыка, бейнефильмдер, кітаптар және т.б. Жаңғыртуға келгенде қазіргі заманның талабына сай екі қатарлы және екі жақты DVD-дискіге жаза алатын DVD диск-жетегіне ауыстырған жөн. Компьютер жұмысының жылдамдығы көптеген құраушылырынан бағынады. Сондықтан қай жері жаңғыртуға келетінін анықтау керек болса, тестілік утилиталар көмектеседі. Жүйенің өнімділігін Windows Vista/Seven стандартты құраушысымен тексеруге болады, немесе өзге тестілік бағдарламалар арқылы: BurnIn Test Pro, SiSoftware Sandra, 3DMark және т.б.
Windows Vista-да өнімділікті тестілеу жүйесі – компьютерде орнатылған құрылғылардың өнімділік индексін тексеру мақсатында тестілейтін құраушы. Кейін бұл индексті операциялық жүйе компьютердің белгілі бір бағдарламаны орындай немесе орындай алмайтындығын анықтау үшін қолданылады. Операциялық жүйені қосқаннан кейін автоматты түрде жүйені тез баптауға арналған механизмдерге сілтеулері бар терезесі ашылады.
Біздің жағдайымызда 3,0 индексі. Ол операциялық жүйе қосылғанда анықталады. Ескере кететін жайт, жүйе бұл индекстерді автоматты түрде өзгертпейді, себебі жүйені тестілеуге көп уақыт алады. Сондықтан құрылғыларды ауыстырып қосқанда, өнімділік индексін өзгерту үшін тестілеу жүйесін қайта қосу керек болады.
BurnIn Test Pro – құрылғыларды тексеретін 50 циклдан тұратын тестілік бағдарлама.
SiSoftware Sandra – құрамында 40 тестілік модульдері бар арнайы тестілік бағдарлама.
3Dmark – компьютер ойындарын ұнататындарға арналған ең қуатты бағдарламалық кешен. Құрамында қазіргі заманғы ойындардың құрамынан құралған тесті бар бағдарлама компьютердің ойынға дайындығын тексереді.
Жоғарыда айтылғандай, жаңартудың басты себебі – компьютердің алдына қойған тапсырмаларды орындай алмауы. Бұл тапсырмалар қиындығына қарай әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды бір мағынада қолдану саласына бөлу қажет. Өйткені бұдан тікелей жаңарту деңгейі тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |