5. Шығармашылық жұмыс 1 - тарсырма: Қаныш Сәтпаевтің өмірін үлгі етіп, өз арманыңды жетелеу мақсатында эссе жазу.
2-тапсырма: Шоқан Уалиханов, Қаныш Сәтпаевтің қандай қасиеттері елдің мақтанышы болуларына демеу болды.
Шынайы білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Ал біздің сезім мүшелеріміз рухани болмысты көруге арналмаған, тек сыртқы әлемнің құбылыстарын ғана байқай алады. Табиғаттың барлық сырларын білу үшін, адамның жан дүниесі таза болуы керек. Сондықтан білім алуда тек физикалық және интеллектуалдық жақтарыңды ғана дамытып қоймай, ең алдымен өздеріңнің жоғары рухани-адамгершілік табиғатыңды ашу маңызды. Рухани табиғатыңды ашуға бағытталған білім шынайы білім болып табылады.
6. Топпен ән айту Ұстазым Аманжол Шамкенов
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын Зердемді сен ашпасаң не етер едім,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Өмірден сыбағасыз өтер едім. Есімде әліппені жаттатқызып Ғажайып дүниенің сырын жайып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Қалдырған ізің мәңгілік Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Жадымда тұрар жаңғырып Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Ұстазым, менің ұстазым! Келеді жана бергім, жана бергім!
(бейнеклип)
Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды
7. Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: Ыбырай Алтынсарин жайлы ізденіп мақала жазып келу.
8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка) Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.
Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.