Сабақ жоспары Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп-лицейі Мерзімі



Дата06.10.2022
өлшемі23,02 Kb.
#41574
түріСабақ
Байланысты:
8-6


Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп-лицейі
Мерзімі: 08.10.2021ж. №6 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шынайы білімнің нұры Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: барлығынан жақсыны көру, жақсыдан жаманды ажырата білу, өз-өзіне адал болу, шыншылдық, қарапайымдылық.
Пән мұғалімі: Көлегенова Мария
Сыныбы: 8 «а,ә,б»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмірдің кірпішін ақиқатпен қаласаң алынбайтын қамал болатындығын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: - барлығынан жақсыны көріп, жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету ;
Дамытушылық: - өз-өзіне адал болуға ықпал ету;
Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,
сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.
Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».


2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қаныш Сәтпаев жайлы жинақтаған материалдарын қорғайды




3. Дәйексөз
«Адамның бар өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау»
Қадыр Мырза Әли

  • Адам өмірде өзін-өзі қандай жағдайларда жұбатуы мүмкін, ол оған пайда бере ме? Неліктен?

  • Қандай жағдайда өзін-өзі алдауы мүмкін?

  • Жұбату мен алдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  • Өзіңізді алдап, жұбатқан кезіңіз болды ма?

Дәйексөзді талдап,
өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу
Тапсырма Құрманбай Толыбаев

  • Мұғалім балаларға жазғы демалысқа қандай тапсырма берді?

  • Қаныштың білімге деген құштарлығы қандай іс-әрекетінен көрінді?

  • Мұғалім Қанышқа неліктен риза болды?

  • Білімге ұмтылу не үшін қажет?

  • Қаныштың бойындағы қандай қасиетті өзіңе үлгі тұтасың?

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.
Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс
1 - тарсырма: Қаныш Сәтпаевтің өмірін үлгі етіп, өз арманыңды жетелеу мақсатында эссе жазу.
2-тапсырма: Шоқан Уалиханов, Қаныш Сәтпаевтің қандай қасиеттері елдің мақтанышы болуларына демеу болды.
Шынайы білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты тұтас дамыту. Ал біздің сезім мүшелеріміз рухани болмысты көруге арналмаған, тек сыртқы әлемнің құбылыстарын ғана байқай алады. Табиғаттың барлық сырларын білу үшін, адамның жан дүниесі таза болуы керек. Сондықтан білім алуда тек физикалық және интеллектуалдық жақтарыңды ғана дамытып қоймай, ең алдымен өздеріңнің жоғары рухани-адамгершілік табиғатыңды ашу маңызды. Рухани табиғатыңды ашуға бағытталған білім шынайы білім болып табылады.


6. Топпен ән айту
Ұстазым Аманжол Шамкенов
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын Зердемді сен ашпасаң не етер едім,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Есімде әліппені жаттатқызып Ғажайып дүниенің сырын жайып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Қалдырған ізің мәңгілік Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Жадымда тұрар жаңғырып Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Ұстазым, менің ұстазым! Келеді жана бергім, жана бергім!



(бейнеклип)
Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.
Келесі сабақ: Ыбырай Алтынсарин жайлы ізденіп мақала жазып келу.




8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет