Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні: Канатаева Сагнай Бейбитжанкызы Пән/Сынып: Физика, 8-сынып



бет1/2
Дата20.06.2022
өлшемі159,3 Kb.
#37136
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
2 сабақ Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері.Ток күші.Кернеу


ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Канатаева Сагнай Бейбитжанкызы

Пән/Сынып:

Физика, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

III-тоқсан 2-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Сабақтың тақырыбы:

Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері.Ток күші.Кернеу

Оқу мақсаты:

8.4.2.2– электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру

Бағалау критериі:




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут
00:00 – 01:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме?
Физика пәнінен сабағымызды бастаймыз.
Сабағымыздың тақырыбы: «Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері. Ток күші. Кернеу»
Бүгінгі сабақта:
Сенің меңгеретінің:

  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

  • кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру










Презентация Слайд 1

Слайд 2


7-8 минут
01:00 – 01:30


01:30 –
02:00
02:00 –
02:30

02:30-03:00





Жаңа сабақ

Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері.
Электр тізбегі – ток көзінен, элекр тогын тұтынушыдан, жалғаушы сымдар мен кілттен тұрады.

Ток күші – тізбектегі токты сипаттайтын физикалық шама
Ток күші дегеніміз – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында өтетін q зарядтың сол уақытқа қатынасына тең физикалық шама.
өлшем бірлігі [А]
– ток күші,
– өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд,
t – зарядтың өткен уақыты.
Ток күшінің өлшем бірлігі
1 ампер – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с уақыт аралығында 1 Кл заряд өткен кездегі ток күші.



Зарядтың өрнегі:

Зарядтың өлшем бірлігі ток күшінің өлшем бірлігімен байланысты:
1 Кл=1 А·с
1 Кулон ток күші 1 А болған кезде, 1 с уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядына тең.
Гальванометр – тізбектегі токтың бағытын анықтайтын құрал. Гальванометрдің полюстерін еркін қоса беруге болады.
Амперметр – тізбектегі токты өлшеуге арналған аспап. Ток көзінің оң полюсінің жалғағыш сымдары амперметрдің оң қысқышымен, теріс полюсі – амперметрдің теріс қысқышымен жалғануы керек.
Кернеу
Зарядтардың орын ауыстрыуы кезінде электр өрісінің атқаратын жұмысын ток жұмысы деп атайды.

Потенциалдар айырымы кернеуге тең:

демек:

Тізбек бөлігіндегі кернеу – осы бөліктегі бірлік зарядтың орнын ауыстыруы кезінде атқарылатын ток жұмысына тең физикалық шама.
Кернеудің өлшем бірлігі:
Егер 1 Кл зарядтың орын ауыстыруы үшін 1 Дж жұмыс атқару қажет болса, онда өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 1 вольтке тең болады:

Үйлерді жарықтандыру жүйесінде кернеу 220 В болады.
Кернеуді өлшеу
Вольтметр дегеніміз – тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеуге арналған аспап.
Тізбектегі кез келген екі нүктенің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрдің қысқыштарын сол нүктелерге қосады.


Вольтметрдің оң қысқышын ток көзінің оң полюсінен шығатын сымға, теріс қысқышын ток көзінің теріс полюсінен шығатын сымға жалғайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру







Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

Слайд 11
Слайд 12


Слайд 13

Слайд 14




8 минут

03:00-03:30


03:30-03:40


03:30-03:40


03:40-04:40


04:40-04:50



Тәжірибе

Тапсырма №1
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 0,5 минут ішінде электрон өтеді. Өткізгіштегі ток күші қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет