Өзіңді тексер!
Кейіпкер
|
Кейіпкерге тән қасиеттер
|
Баян
|
ел еркесі, алаш батыры, қандыбалақ сарбаз, намысшыл ел, патриот тұлға
|
Ноян
|
Білікті жігіт, сүйгеніне адал ер, аңғал, қайырымды, адал
|
Қалмақ қызы
|
Сұлу, әдемі сөйлейді, ерке, лебізі жұмақ желіндей.
|
Абылай хан
|
ақылды хан, айлалы батыр, қайратты қаһарман, даңқты қайраткер, дарынды дипломат, елін, жерін сүйген патриот.
|
3-тапсырма: «Батыр Баян» шығармасынан жаттаған соңғы шумағыңыздағы ойды ПОПС формуласы арқылы жеткіз.
Сіз жаттаған шумақ:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай жортқан
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
ПОПС формуласы
1.Менің ойымша.......
2.Себебі, мен оны былай түсіндіремін......
3.Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын.....
4. Осыған байланысты мен мынандай шешімге келдім.........
Ықтимал жауап:
Менің ойымша үзіндіде ерлік жасаған батырлардың аттары ұмытылмайтындығы айтылған.
Себебі, ерлерді ел ұмытса да оны туған жері, желі, даласы ұмытпайды дейді, егер олар ұмытса онда елі ұмытпайды.
Оны мен сел ұмытпас,жел ұмытпас деген жолдармен дәлелдеймін.
Осыған байланысты мен нағыз батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды деген шешімге келдім.
|
|
|