Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Уақыты
Кезеңдері
Сабақтың мазмұны
Тапсырманың мақсаты
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
Қайырлы күн оқушылар!Біз сіздермен әдебиет сабағынан осы тоқсандағы 3-сабақты бастаймыз.
Сабағымыздың тақырыбы: «Ашу түбі-кейс»
Бүгінгі сабақта: Біз Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша шығармадағы тұлғалық болмысты адамгершілік тұрғысынан талдап, кейіпкер бейнесін ашамыз.
Сенің білетінің:
• Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының мазмұнын
Сенің меңгеретінің:
Ой түрткі: Мақалдың мағынасын аш: Ашу түбі-кейіс,
Ақыл түбі-кеніш. Кейіс – ашу, ыза, реніш, араздық түрінде көрініс беретін адам мінезі мен көңіл-күйінің жағдайы.
Кеніш–бір немесе бірнеше шахтадан (карьерден) және жер үстіндегі әр түрлі көмекші құрылымдардан тұратын белгілі бір кен орнын игеруге арналған кәсіпорын.
Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.
1-3 минут
Тапсырмалар
1-тапсырма. Берілген үзінді қай кейіпкер туралы? Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдаңыз.
Шығармадан үзінді
Кейіпкер бейнесіне тән адамгершілік қасиеттерді ата
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның аруақты құр атынан
Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
****
Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге?
Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды
Көр болғыр екі көзім, көрдің неге?
****
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ… Әлде… өлтірдім бе
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
Ноян да сол сұлуға — тәтті балдай,
Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай.
Мас болып, дене түгіл, жаны елжіреп,
Жұтқандай сол сәулені демін алмай.
Алайда бұзық ойдан аулақ еді,
Сұлуға Тәңірі көріп табынғандай.
Жанса да жап-жас Ноян, сұм сұлу қыз
Көп заман жүрді бірақ көз де салмай.