5. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз. А)Жүйрік-ақ екен.
В) Сең үстінде кету.
С) Ақ көбейді.
Д) Жаңбырдан соң.
Е) Ойға таман жылжу.
Өткен сабақты естеріне түсіріп, шылау түрлерін ажырату.
Дескриптор: - Дұрыс жауапты анықтайды.
Слайд
5 минут
Бекіту
«Тазалық — саулық негізі»ойтолғау жаз.
Ойларын бөлісу арқылы алған білімдерін жинақтайды.
Бағалау критерийлері: - Сабақ барысында білім деңгейі ескеріледі.
Болжамды жауап: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
Соған байланысты, тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі ретінде қарап түсінуіміз қажет. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол жан-жақты адам өмірін, болашағын, ақыретін, имандылығы мен адамгершілік сияқты кісі ғұмырына тән көптеген тармақтарды қамтиды. Даналарымыз адам өмірінің зор байлығы – денсаулық десе, ал денсаулықтың кепілі – тазалық екенін ұғындырған.