Жер бедерін зерттейтін ғылымды геоморфология деп атайды.
Жер қыртысы
Эндогенді күштер
Экзогенді күштер
ішкі күштері (эндогендік) әсерінен таулы бедер қалыптасады. Эндогендік процестерге тау түзілуі, жанартаудың атқылауы, жер сілкінісі жатады.
сыртқы күштерінің (экзогендік) әсерінен олар бұзылып, үгілуге ұшырайды. Экзогендік процестерге физикалық үгілу, химиялық үгілу мен биологиялық үгілу жатады.
Тау түзілу - литосфералық тақталардың бір - біріне соқтығысу нәтижесінде пайда болады.
Жанартау – Жер қабатының магмалық ошақтарынан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтары атқылап, жер бетінде өзгерістер пайда болатын геологиялық түзілім.
Жер сілкінісі – Жер қыртысы немесе мантия бетінің кенеттен қозғалуы нәтижесінде және тығыз тербеліс түрінде үлкен қашықтыққа берілетін жерасты дүмпулері мен жер бетінің тербелісі. Жер сілкінісі таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауы, жерасты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуына әкеледі.
Үгілу дегеніміз - Жер қыртысының беткі қабатындағы тау жыныстары мен оның құрамдас минералдарының физикалық, химиялық және биологиялық үдерістердің ықпалынан өзгеріске ұшырауы.