Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



бет1/2
Дата14.09.2023
өлшемі78,41 Kb.
#107943
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
ҚМЖ 9 сынып 2


Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



Білім беру ұйымының атауы

«Қаратал атындағы орта мектебі» МДШО КММ

Пәні:

Химия

Бөлім:

9.1A Электролиттік диссоциация

Педагогтің аты-жөні:

Абдрасилова А.М

Күні:

11.09.2023

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

Электролиттік диссоциациялану теориясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.4.1.3 электролиттік дисcоциация теориясының негізгі қағидаларын білу
9.4.1.4 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

  • электролиттік дисcоциация теориясының негізгі қағидаларын түсіну

  • иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік механизмін түсіну

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі / уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлеметсіздер ме!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Электролиттік диссоциациялану теориясы
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:

  • электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.

Сенің меңгеретінің:

  • иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік механизмі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Жақсы

Презентация
Слайд 1

Слайд 2



Сабақтын ортасы



С. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.

Электролиттік диссоциация – суда ерігенде немесе балқығанда заттардың иондарға (катиондарға – оң зарядталған иондар H +, K +, Ca2+...) және (аниондарға – теріс зарядталған иондар Cl –, OH –,...) ыдырау процесі.


Сулы ерітінділерде электролиттердің диссоциациялануы су молекуларымен әрекеттесуінен болады. Барлық электролиттер бірдей шамада диссоциацияланбайды және әр түрлі дәрежеде электр тогын өткізеді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер күшті және әлсіз болып келеді.
Электролиттік диссоциация барлық әлсіз электролиттер үшін қайтымды процесс.
Оң зарядталған бөлшектер (катиондар) мен теріс зарядталған бөлшектер (аниондар) ток тасымалдаушылар. Иондық және ковалентті байланыспен байланысқан қосылыстар толығымен иондарға диссоциацияланады.
1887 ж. С. Аррениус электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын ұсынды.
Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары.
Тоқты тасымалдағыш иондар – оң зарядталған (катиондар), теріс зарядталған (аниондар) болып бөлінеді. Электр токтың әсерінен иондар бағытталған қозғалысқа ие болады: оң зарядталған бөлшектер катодқа, теріс зарядталған анодқа тартылады. Сондықтан оң зарядталған бөлшектер катиондар, ал теріс зарядталған бөлшектер аниондар деп аталады.
Қозғалыстардың бағытталуы қарама-қарсы зарядталған электродтарға (катод теріс зарядталған, ал анод – оң) иондардың тартылуынан пайда болады.
Иондану – қайтымды процесс: молекулалардың иондарға ыдырауымен қатар (диссоциация), иондардың молекулаға бірігу процессі (ассоциация) жүреді.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11592/19.mp4

Иондық байланысы бар заттардың диссоциациялану механизмі


Электролиттік диссоциациялану механизмінің мәнін орыс ғалымдары И.А. Каблуков және В.А. Кистяковский ашты. Олар Д.И. Менделеевтің химиялық теориясына сүйене отырып ерітінділерде бос иондар емес, гидраттанған, яғни су молекулалалырымен қопарылған иондар болатынын дәлелдеді. Неліктен электролиттік диссоциация суда жүреді? Себебі: су молекулалары күшті коваленттік полюсті байланысы бар диполь. Сутек атомдары арасындағы бұрыш 104,500

Сумен әрекеттескенде немесе балқығанда заттар иондарға (оң ион-катион және теріс ион-анион) ыдырайды. Бұл бөлшектер гидратацияға ұшырайды: олар бір жағынан оң, ал екінші жағынан теріс зарядталған (диполь түзеді) су молекуласын өздеріне тартады, нәтижесінде аквакомплекстер (сольваттар) түзеді.


Диссоциация процесі қайтымды. Егер зат иондарға ыдыраса қандай да бір жағдайлар әсерінен бастапқы күйге оралуы мүмкін. Егер ерітінділерге электрод салып, тоқ жіберетін болса, катиондар теріс электрод – катодқа, ал аниондар оң электрод – анодқа қарай қозғала бастайды. Сондықтан да суда жақсы еритін заттар суға қарағанда тоқты жақсы өткізеді және осы себептен оларды электролиттер деп атады. Суда жақсы еритін заттарға көптеген иондық байланысы бар және полюсті молекулалы заттар жатады.

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11614/29.mp4


Полюсті байланысы бар заттардың диссоциациялану механизмі
Молекуласындағы атомдар коваленттік байланыспен байланысқан заттар бар. Аталған байланыс электрондық жұп арқылы түзіледі, ол полюсті және полюссіз болып екі түрге бөлінеді.
Ковалентті полюсті байланысы бар қосылыстар (полюсті молекулар) айналасына судың дипольдері бағыттала орналасады. Судың диполдерімен әрекеттесу нәтижесінде полюсті молекула одан әрі полюстеніп, иондық молекулаға айналады. Одан әрі бос гидратталған иондар оңай түзіліп, аквакомплекстер (сольваттар) түзіледі.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11614/42.mp4

Жаңа тақырыпты меңгеру

Керемет

Жақсы


Слайд 3

Слайд 4


Слайд 5

Слайд 6


Сабақтың соңы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет