Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Д.Әбіловтың өлеңі туралы түсінік беру.Тасымал туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындатуә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту б) Ұқыптылыққа, тазалыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:«Отан» өлеңін мәнерлеп оқыту
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«кім жылдам?»ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
IV. Мақсат қою кезеңі:Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымал.Яғни өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтейік.Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» өлеңімен таныстырамыз.
V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 72-жаттығу
Сөздердің буын санын анықтату.Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазғызу.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқату.Құрылысшылар Теміржолшылар Кітаптарымыз дәптерлеріміз . Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу. «Қазақстан-Республикам менің» өлеңін оқып беру, түсіндіру.Дихан Әбілов туралы мағлұмат беру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.
VI.Жаңа материалды пысықтау:-Тасымал дегеніміз не?- Мысалдар ойлап айтқызу
VII.Бекіту кезеңі: сөздік диктант жазғызу.Сөздерді тасымалдап жазыңдар.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:73-жаттығу, «Қазақстан-Республикам менің», ережелерді қайталау.Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.
№47сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Қазақстан картасы. Мақал.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың тасымал туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту.Е.Өтетілеуовтың «Қазақстан картасы»өлеңімен таныстыру.Мақал жаттау.ә) есте сақтау, ойлау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту. б) тазалыққа, ұқыптылыққа, елін сүюге тәрбиелеу
Достарыңызбен бөлісу: |