Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010



бет126/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

VII.Бекіту кезеңі: Наурыз мерекесінің басқа меркелерден ерекшеліктерін паш ету.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Наурыз тойы өлеңін жаттау.

68 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Атаның ақ батасы.


Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап,
бекіту.ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Үлкенді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз тойы өлеңін жаттап келдік келдік пе№ - Кім дайын?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Жақсы, бәріміз өлеңді жаттап айтып бердік -Ендігі сұрақ сендерге мынадай -Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? -мысал келтіреміз - бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?
IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз
V. Жаңа сабақ :Оқулықпен жұмыс 117-жаттығу 1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұшақ ұшт.. . Кеме жүзд... . аю ақ...рды.Қорадағы мал үр... кті. 2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Өлеңді түсініп оқыңдар. Бұл қай кезде болады? Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер
VI.Жаңа материалды пысықтау: 118-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.Көктемде мал төлдейді.Жазда егін шығады.Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі.Қыста дала ақ қар жамылады. 2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. 119-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар
Шертті дала сырларын,
Жамыраған жаз келді.
Қанатында тырнаның,
Қалықтаған саз келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет