V.Бекіту кезеңі:Өз ойларынан сөйлем құрастыру.Сұрақтарға жауап алу.Дәптермен жұмыс Сөйлем сөздерден құралады.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Сонымен бүгін біз қандай тақырып өттік Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем неден құралады?
VI. Үйге тапсырма, бағалау:Жырау өлеңін , ережені жаттау
№84сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Балаларға.
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем туралы толық теориялық білім беру.Жамбыл атаның «Балаларға» айтқан өсиетін түсіндіру. ә)Оқушының сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.ой өрісін, танымдық қабілетін арттыру.б) Адамгершілікке, инабатты, мейірімді болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Жамбыл ата суреті,сызбалар.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемнің сөзден ерекшелігі не?Мысал келтір.
IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, қазақтың жүз жасаған ақынын кім айтады?-Ол Ж.Жабаев
V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 150-жаттығу Әр сөйлемді оқып, жатқа жазыңдар.Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады, сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?ЕРЕЖЕ Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.Сөйлемнің соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?), леп белгісі (!) қойылады.151-жаттығу Сөйлемдерді оқыңдар.Керекті жеріне нүкте қойып, оларды бас әріптен бастап жазыңдар.Сергіту сәті Жамбыл аталарың туралы қандай кинолар түсірілді?жамбыл аталарың балаларға өте көп өсиет айтқан.Соның бірі бүгінгі «Балаларға» деген өлеңіӨлеңді мәнерлеп оқимз.Оқушыларға тізбектей оқытамын.Дәптермен жұмысДиктант жүргізу.