ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру:Кішкене кеме тапсыру
ІІІ. Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дөңгелек пішіндерден , қандай құрамақ құрастыруға болады?» Соны үйренеміз.
IV. Жаңа сабақ:1.2 суреттегі фигуралар қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған ? Оларды ата.1. сурет-балапан2. сурет-қуыршақ
V. Практикалық жұмыс:1. Алдымен пішіндерді қиып ал.жапсыруды үлкен бөліктен баста.Оған ұсақ бөліктерді жапсыр.1. Апликацияны безендір
VI .Қорытындылау:1кішкентай пішіндерді қалай желімдеуге болады?2Шаршыдан пішіндер құрастыруға бола ма?
ҮІІ.Үйге тапсырма беру,бағалау:Кез келген ойыншық аппликациясын құра.
22. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қағаздан моншақ құрастыру. Сабақтың мақсаты: 1 Құрастырудың әдіс тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Өнерге қызығушылығын арттыру.
Жабдықтау:картон. Түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.
Сабақтың мазмұны І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:а) Үлгіні пайдаланып қағаздан біркелкі дөңгелектер қиып аламыз. Дөңгелектердің іш жағына қылқаламмен желім жағамыз.Мөлшерлеп алған жіптің екі жағынан екі дөңгелекті беттестіріп желімдейміз. Жіпті дөңгелектердің ортасымен өткізу керек. Дөңгелектерді бір түсті немесе әр түсті қағаздан жасауға болады. Есте сақтаңдар!Кішкентай пішіндерге желімді ұшталған шырпымен жағу ыңғайлы.Жұмыс аяғында қолды сабынмен жуу керек.Шам құрастыру.Үлгісіне қарап отырып құрастыру.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Дөңгелектердің өлшемін әр түрлі етіп алуға бола ма?-Моншақты жасау үшін қандай қағаздар керек?
Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.
23. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шырша құрастыру. Шам жасау.
Сабақтың мақсаты: Қағаздан шырша .шам жасау тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.