Сабақтың жүру барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі( ):1.Сабаққа қатысуын, дайындығын, формасын тексеру.2 .Сабақтың мақсаттары, кезеңдері, атқарылатын жұмыс түрлерімен таныстыру, оқушыларды критериалды бағалау. 3.Бағалау критериясы жауаптың толық және дұрыстығымен есептеледі. Материалды жүйелі түрде дұрыс қамтыған үшін «5»(өте жақсы), бір- екі қателік жіберіп, тақырыпты жақсы игеруі «4» (жақсы),материалдың нақты қамтылмауы және анықтамаларда қате жіберуі «3» (қанағаттанарлық). 2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Білімді бақылауды ұйымдастыру( ):1.«Болмыс»категориясы – философиялық ілімдердің түп тамыры екенін түсіндіріңіздер?2.«Болмыс», «Субстанция», «Материя» ұғымдарын ерекшеліктерін айқындаңыздар?3.Болмыстың негізгі түрлері қандай?4.Қозғалыс материяның негізгі өмір сүру формасы екенін сипаттаңыздар 5.Материяның негізгі қозғалыстарын атаңыз?6.Уақыт пен кеңістік ұғымын қалай түсінесіздер7.Химиялық қозғалыстың түрлері қандай? 8.Материяның негізгі түрлері қандай? 9.Материяның өзін-өзі ұйымдастыруы туралы ілім қалай аталады?10.Уақыт пен кеңістіктің шексіздігін түсіндіріңіздер? 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру(40 мин):
Жоспар: Диалектиканың негізгі категориялары.
Диалектика дамудыңжалпыламаконцепциясы.
Диалектиканыңтарихиформалары, диалектика заңдары.
Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз – заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемнің тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз - әлемнің байланыстарын түсіндіретін білім жүйесі.Бұл ғылым заңдары.
Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң – материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама – қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.
Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан – жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы – дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз – заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір – біріне ұқсамайтын нәрселердің арасында сапалық, айырмашылық болады. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стакан – ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат - сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама – нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория.
Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруі – секіріс деп аталады. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады.
Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. озон – басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф.Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым – деп анықтады.
Терістеуді терістеу заңы – даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады.
Терістеу дегеніміз – бір нәрсенің, құбылыстың даму барысында басқа сапалық қасиетке ие болуы кезінде нәрсе мен құбылыстың өзгеріске ұшырауын сипаттайтың алғашқы ұғым. Ол әрі қарай дамуға жол ашады және өткен сатылардың жағымды жақтарының бәрін сақтай алады және жаңа жағдайға бейімделеді.