Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ тілі. Сыныбы: 5 Күні, айы, жылы: Тоқсан: IV



Дата04.11.2023
өлшемі16,36 Kb.
#122110
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ
________________
Оқу ісінің меңгерушісі
16«______» 04________2021___ ж
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: IV

  5. Мұғалім: Аружан Асанова

Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: Кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Кіріспе сабағын өткізу.
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.
Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.
ІІІ. Кіріспе сабағын бекіту.
Пікірталас ұйымдастыру.
І топ «Қазақ тілінің кешегісі»
ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»
ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»


ІV . Үй тапсырмасын беру.
«Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.


V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІ. Сабақтың аяқталуы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет