- Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды;
- Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану, талдау
Тілдік мақсаттар:
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Дешті Қыпшақ, шоқтығы шоқжұлдыздай, жаңа қоғам, ұшпаққа шығу, тәуекелдің туы, айбынды ұл, басталатын шежіре, ту ұстап, бөрі бекінісі, халық көсемі,т.б
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Кейіпкерлерге тура және жанама мінездемені қалай берер едің?
- Кейіпкерлер тұлғасын ашу үшін деректерді қайдан жинақтауға болады?
- Шығармадағы кейіпкерлар мен оқиғалар қатарын ретімен қалай қояр едің?
-Берілген тақырыпқа байланысты автор стилін қалай сақтар едің?
Құндылықтарға баулу:
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана Бәйтеректі Астананың ғана емес қазақ халқының кешегі ертегі-арманының, бүгінгі ақиқатқа айналған мақтанышының символы ретінде қарастыра отырып, ынтымақтастық және жауапты азаматтық позиция құндылықтарын дарыту.
Пәнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, география
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы (әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау)