«Бекітемін» Директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары:
_________У.Изтлеуова.
Сабақ жоспары Пән: Информатика
Сабақ №__________
Күні:
Тобы:
Сабактың тақырыбы: Информатика пәні және міндеттемелер. Ақпараттың анықтамасы. Сабақтың мақсаты: Информатика пәні және міндеттемелер. Ақпараттың анықтамасы. туралы тың мәліметтер беру
Сабақ әдісі: жинақтау, түсіндіру, мысал келтіру
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд, компьютер
Пән аралық байланыс: математика
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру: 1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Аудитория тазалығына мән беру;
3. Оқушыларды түгелдеу;
4. Оқу құралдарын қадағалау;
5. Назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасы:қайталау
1.Информация термині қандай? "Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан
2.Информацияны қандай жолдармен беруге болады? Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз
3.ЭЕМ арқылы қандай информацияларды алуға болады? Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі
4.Информация дегеніміз не? информация - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
5.Информатика дегеніміз не? Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән