3. Жаңа сабақ Информатика пәні мен оның мәселелері
Ақпарат ұғымы.
Информатика есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:
Есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
Есептеу техникасы құралдарының аппараттық программалық жасақтамасы;
Аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;
Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары;
Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістерімен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
Есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);
Есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);
Стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программақ құралдар арасындағы, мәліметтердің беру пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).
Информатиканың оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ – дерді пайдалану мүмкіндіктерімен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ – дер күнбе – күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми – техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат болып саналады. Сондықтан “ақпарат” ұғымы информатика мен ЭЕМ – де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.