Сабақ жоспары Пәні: қазақ тілі



Дата27.03.2023
өлшемі25,92 Kb.
#76397
түріСабақ
Байланысты:
46 Қазақтың үш биі


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні:

қазақ тілі

Тоқсан:

ІІ

Бөлім:

5-бөлім: Тарихи тұлғалар

Педагогтің аты-жөні:

Суйгенбаева Б.К.

Күні:

26.12.2022

Сынып: 6 «Б»

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың үш биі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;
6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, кірме сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақтың мақсаты:

әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады;
көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, кірме сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі
ЕББҚО: (әлеуметтік жағд төмен) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады;
көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, кірме сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану.




Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:
1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сыныпта бүгін кім жоқ?
Үй тапсырмасы сұралады.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны карала.
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.

үй тапсырмасына жауап береді




Батаның мағынасын ашады

сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді



кері байланыс, бағалау
Дескриптор:
-талдау сұрақтарына қатысады-1б

6-сынып

Сабақтың ортасы

Билер туралы не білесің?
Кімдердің есімдерін атай аласыңдар?
1-тапсырма. Мәтінді мұқият түсініп оқиды.
Мәтіннің мазмұны бойынша ойын жеткізеді: «Клише» әдісін қолданады

  1. Бұл мәтіннен менің түсінгенім-...

  2. Мәтіннің көтерілген басты мәселесі-.... .

  3. Мәтінде ... туралы баяндалады.

  4. Мен ... екендігін ұқтым.

ЕБҚҚО. Мәтін мазмұнына қатысты сөздерді атайды


2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құру.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім


3-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша бір бөлігіндегі негізгі ақпараттарды жазады.
ЕББҚО. тірек сөздерді атайды/жазады


4-тапсырма. Мәтіннен көнерген сөздерді теріп жазады. Көнергер сөздің қай түріне жататынын ажыратады

сұрақтарға жауап береді талдауға қатысады
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтін мазмұнын «Клише» әдісі бойынша жеткізеді
Дайын тіркестерді қолданады


2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрады.
Кіріспе бөлім
...
Негізгі бөлім
...
Қорытынды бөлім
...


3-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша бір бөлігіндегі ақпараттарды қолдана отырып, жазады
4-тапсырма. Мәтіннен көнерген сөздерді теріп жазады. Көнергер сөздің қай түріне жататынын ажыратады

1-тапсырма.


-тыңдалған мәтіннің мазмұнын клишелер арқылы жеткізеді-2 б.

2-тапсырма.


- жоспар құрылымын, ой ретін сақтайды-1б
-сауатты жазады-1б

3-тапсырма.


бір бөлігіндегі ақпараттарды жазады-1б
-мәтіндегі ақпаратты қолданады-1б
-сауатты жазады-1б

4-тапсырма.


- мәтіннен көнерген сөздерді теріп жазады-1б
- түріне ажыратады-1б

жалпы 10 балл






Сабақтың соңы
Рефлексия

Рефлексия. «Бас, жүрек, қол» /... әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын.
Үйге тапсырма: 102-бет, 10-тапсырма

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



1- 10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет